Дістемелік кешен


Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы мен дамуы



бет44/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

2.Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы мен дамуы. Адамзаттық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған.Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінрек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтекье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және т.б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы - Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, карпорацияларды, инститттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршендігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік – экономикалық және мәдени – рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін – еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте - мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.


3.Азаматтық қоғамның құрылысы. Адамзаттық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар ( отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер ), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет - ғұрпы, салттары кіреді.
Адамзаттық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін тандауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.
Адамзаттық қоғам эканомикасының негізі - әр түрлі меншіктегі көп укладты эканомика . Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:
- ұлттық - этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;
- жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық тандау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел – жұртқа келіп – кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;
- адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
- азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезенде қоғам өмірі барынша мемлекеттенедірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге « жоғарыдағы » мемлекеттің өзі ұйытқы болып отыр. Халықтың сана - сезімі, жүріс – тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық денгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет