Дістемелік кешен



бет57/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

Лекция мәтіні:
1. Саяси режим ұғымы. Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс – тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтар мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.
Қазіргі саяси тәртіптерді демкратиялық және демократияға қарсы ( антидемократиялық ) деп үлкен екі топқа бөледі.
Демократиялық тәртіпке халықтың биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік – саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқтарымен еркіндіктеріне кепілдік береді, әртүрлі әлеуметік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шетен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқтармен еркіндіктер, олардың саяси көңілін. Білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады:
1. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал – айласыз, қулық – сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтармен жеке тұлғалар болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, ондай сайлау жарыс арқылы өтпегені. Жүйелі түрде деп сайлаудың белгілі бір мезгілде өткізілуін айтады.
2. Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны қамтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргізілуі жеткіліксіз. Мысалы, Латын Америкасында сайлау жиі болып тұрады, бірақ содан кейін көп ұзамай әскери төңкеріс жасалып, билік басына басқа біреу келіп отырып алады. Бұл дұрыс емес. Себебі өкімет басына сайлау арқылы келу керек.
3. Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол аз. Көпшіліктің үкіметі жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын қорғағанда ғана демократиялы бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет