Дістемелік кешені


«Ветеринарлық гигиена және санитария»



бет11/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

«Ветеринарлық гигиена және санитария»
пәнінен 6В09101 – «Ветеринариялық медицина»
білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған

ДӘРІС КОНСПЕКТІСІ


Алматы, 2021


1 дәріс.
Дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Ауа гигиенасы және оның құрамы мен қасиеттері.
Дәрістің мақсаты: Ветеринариялық гигиена пәнінің зерттеу әдістерімен танысу
Қарастырлатын сұрақтар:
1. Кіріспе
1.1. Ветеринариялық гигиена пәні, оның орны мен міндеттері
1.2. Пәннің зерттеу әдістері
1.3. Сыртқы орта факторлары және олардың мал организіміне әсері
1.4. Жылу реттеудің типтері және организмнің жылу шығару жолдары
1.5 Адаптация және оның мал организміне әсері
1.6 Акклиматизация және оның мал организміне әсері
1.7 Мал организмі резистенттілігінің маңызы
1.8 Сыртқы орта факторларын гигиеналық тұрғыдан шектеу
1.9 Зоогигиеналық нормативтер, ветеринариялық-санитариялық нормалар және ветеринариялық-санитариялық ережелер туралы түсінік
1.2. Ауа гигиенасы
1.2.1. Атмосфералық ауаның құрамы және қасиеттері
1.2.2. Ауа райы, климат, микроклимат және олардың мал организіміне әсері
1.2.3. Ауа температурасы. Малдың денсаулығына және өнімділігіне жоғарғы (гипертермия) және төменгі (гипотермия) температураның әсері
1.2.4. Атмосфералық қысым және оның мал организіміне әсері
1.2.5. Ауа қозғалысы және оның мал организміне әсері.



    1. «Ветеринариялық гигиена және санитария » пәні, оның орны мен міндеттері

Жануарлар гигиенасы, ветеринариялық гигиена немесе зоогигена – малды дұрыс бағу, азықтандыру және күтіп-бағудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететін деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту жөніндегі ғылым.
Зоогигиенаның негізгі міндеттері:
- қоршаған ортаның мал организміне және денсаулығына тигізетін әсерінің заңдылықтарын зерттеу;
- қоршаған ортаның мал организміне қолайлы параметрлерін ғылыми-практикалық тұрғыдан негіздеу, зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық нормативтер, нормалар және ережелерді жасау және ұйымдастыру;
- мал қоралардың жобалық тапсырмасын жасау, мал тіршілігінің қамтамасыз ететін жүйелерді (желдеткіш, жылу, жарық, микроклиматты қолайландыру, көңді шығару және сақтау, сумен қамтамасыз ету, малды суару, азықтандыру және т.б.) жасайтын құрал-жабдықтарды іріктеу;
- табиғи ортаның бірқалыпты сақталуын қамтамасыз ету, зоогигиеналық нормативтер мен ветеринариялық - санитариялық ережелерді енгізу есебінен экологияны сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет