Дістемелік кешені


Жылу реттеудің типтері және организмнің жылу шығару жолдары



бет13/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   114
1.4. Жылу реттеудің типтері және организмнің жылу шығару жолдары

  • Температураның тұрақтылығы организмде жылу реттеу механизмімен түсіндіріледі. Жылу реттеу дегеніміз – орта температурасының өзгеруіне қарамастан организмнің дене қызуын тұрақты деңгейде ұстау қабілеті. Жылу реттеудің екі типін ажыратады: физикалық және химиялық. Организмде жылудың өндірілуін химиялық жылу реттеу деп, ал организмнен жылудың шығу жолдарын физикалық жылу реттеу деп атайды. Мал организмінде өндірілетін жылу мөлшері олардың түріне, салмағы, сүттілігін, физиологиялық жағдайына, жас ерекшелігіне және ауа температурасына тығыз байланысты.

  • Жылу шығару радиация (сәулелену), өткізу (конвекция, кондукция) және булану (тер шығару) арқылы жүреді. Сақа мал қолайлы микроклимат жағдайында конвекция және радиация арқылы сыртқы ортаға 60-75 %, жылу өткізу арқылы – 15 %, тері булану арқылы – 15-20% жылу шығарады. Мал жылудың қалған бөлігін жем мен жұтқан ауаны жылытуға және өкпедегі ылғалдың булануына жоғалтады.

  • Жылу өткізу арқылы жылу бөлудің екі жолы бар: олар мал денесінің қоршаған ауамен (конвекция) жолымен және заттармен жанасуы (еден, қабырға, т.б.) , яғни кондукция, жолымен.

  • Сыртқы орта температурасы артып, оның мәні дене қызуына жақындағанда жылудың шығатын – жалғыз ғана мүмкін жолы – булану (тер бөлу). Термобейтараптық зонаға жануарларда жылудың термен шығуы 20-30 % аралығында болады. Бұл құбылыс, әсіресе жылқыларға тән. Ит пен құста булану жолы мүлдем болмайды.

1.5 Адаптация және оның мал организміне әсері

  • Қоршаған орта әрдайым өзгеріп отырады, соған байланысты мал организмі дамып, жетілу процесінде ортаның өзгеруіне қарай бейімделу қабілеті де өзгеріп отырады. Адаптация дегеніміз организмнің ортаға бейімделуі. Бейімделудің екі түрі болады: туа біткен және жүре пайда болған. Жүре пайда болған бейімделудің туа біткен бейімделуден айырмашылығы оның қалыптасуына арнайы жағдай керектігінде. Бейімделу қабілеті төмен болса, түліктің өнімділігі кемиді, аурушаң келеді, тіпті өлім-жітімге де ұшырайды. Мұндайда зоогигиенлақ , ветеринариялық – санитариялық және аурулардың алдын алу және емдеу шараларына көп шығын шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет