5.3. Топырақ тарататын індетті және инвазиялық аурулар және оларды алдын алу ( топырақ инфекциялары, гельминтоздар).
Топырақта пайдалы микроорганизмдермен қатар ауру тудыратын микроорганизмдер де кездеседі. Осы микроорганизмдер тудыратын ауруларды топырақ індеттері деп атайды. Топырақта патогенді анаэробты микроорганизмдердің споралары өте ұзақ (20-25 жыл) сақталады. Олар: топалаң, қарасан, қатерлі ісіктің, сіреспе, оба және т.б. қоздырғыштары. Малда кездесетін көптеген індетті аурулар қоздырғыштары (лептоспироз, туляремия, Ку ихорадкасы) топырақ арқылы адамға да үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Осы аурулардың қоздырушылары топыраққа малдың сілекейімен, зәрімен, нәжісімен бірге түседі. Сонымен қатар, топыраққа індет қоздырғыштары жем-шөп, өлексе және басқа да ауруды одан әрі таратушы себептер арқылы түседі.
Топырақ гельминтоздары ( аскаридоз, диктикаулез, гемонхоз, монезиоз, амидостомоз және т.б.) таратуда үлкен эпизоотиялық роль атқарады. Осы ауруларды тарататын паразит құрттар, топырақта олардың белгілі бір жетілу циклы өтетіндіктен, геогельминттер деп атайды. Сонымен қатар, топырақ гельминтоздарының мысалы, фасциолез, метастронгилятоз т.б. кезінде, аралық тасымалдаушы міндетін де атқарады. Геогеьминттермен бірге биогельминттер де кездеседі. Оларға шошқа және бұқа тізбегін айтсақ та жеткілікті. Бұл өсіп-жетілудің адам-топырақ-жем-шөп-мал тәрізді күрделі циклын жасайды.
5.4. Топырақтың өзіндік тазалануы және осы процестің санитариялық – гигиеналық маңызы.
Микроорганизмдер өз тіршілігінің барысында күрделі органикалық заттарды органикалық-минералдық заттарға, ең ақырында қарапайым минералды қосылыстарға айналдырады. Осы процесс топырақтың минералдануы деп атайды. Топырақтың минералдануының арқасында өсімдіктің тамыр жүйесі жеткіліксіз аз жетеін органикалық заттар сіңімді формағакөшеді де, топырақтың құнарлығын қамтамасыз етеді. Екінші жағынан органикалыққ қосылыстардың минералдық қосылыстарға айналуы, топырақтың тазаруымен оның органикалық қалдықтардан босауына да байланысты. Бұл ыдыраулар аэробты және нанэробты жағдайда өтеді.
Белоктық заттардың минералдануы немесе нитраттануы бірінен кейін бірі жалғасыпекі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде көптеген ерекше емесе бактериялардың, актиномицеттер мен өңездердің әсерімен аммиак бөлінеді. Осы процесс аммонификациялау деп аталады. Сосын аммиак қышықлдарға айналып, оларды топырақ колоидтары сіңіріп алады. Анаэробты жағдайда процесс осымен аяқталады. Ал, аэробты жағдайда аммоний тұздары одан әрі тотығып, азотты қышқыл тұздары нитритке, ал нитрит азот қышқылы тұздарына – нитратқа айналады. Осылайша нитрификация процесі жүреді. Ал, нитрифиукация процесі жүру үшін 30-37 ºС, ауа оттегісі, топырақтың бейтарап немесе әлсәіз сілітілі реакция ортасы және қолайлы ылғалдылық (70 пайыз) қажет. Минералдану және нитрификация процестерінің жиынығы топырақтың өздігінен тазаруын қамтамасыз етеді.