Дістемелік кешені



бет55/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   114
10.2 Дезинвазия

  • Инвазиялық ауруларды жою және алдын алу мынадай шаралар кешенінен тұрады: жануарлардың резистенттілігін көтеру, оларды зақымданудан сақтау, тасымалдаушы шыбын-шіркейлерді, аралық иелерін және сыртқы ортадағы инвазиялық бастау тетігін жою.

  • Ұстау және азықтандыру жүйесін дұрыс ұйымдастыру – инвазиялық аурулардың профилактикасында ең маңызды шаралардың бірі болып табылады. Малды толық құнды азықтандырмағанда сыртқы ортадан келіп түскен паразитке организм қарсы тұра алмай, паразиттің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туады. Лас су көздері арқылы жауарлардың ас қорыту жүйесіне көптеген гельминттердің жұмыртқалары мен балаңқұрттары түсуі әбден мүмкін. Мал шаруашылығы кешеніне сырттан мал әкелінсе, міндетті түрде карантиндеу керек.

Мал жайылатын жайлауларды үнемі ауыстырып отыру – гельминтоздардың профилактикасында маңызды орын алады. Жайлауларды гельминттердің жұмыртқасы мен балаңқұрттарының даму уақытына қарай, яғни инвазиялық саты басталмай тұрып ауыстырып отырады. Мысалы, фасциолез кезінде әр 2 ай сайын, ал шошқалардың аскаридоздарында әр 10 күн сайын ауыстырып отырады. Профилактикалық дезинвазияны малды ұстау технологиясын ескере отырып дезинфекциямен бірлестіре жасаған жөн. Ағымдық дезинвазияны дегельминтизациядан кейін 3-5 күннен кейін жасайды.
Химиопрофилактика – инвазиялық аурулармен күресу әдісі. Бұл әдіс қоздырушылардың дамуын тоқтататын арнайы препараттарды жануарларға беруге негізделген. Мысалы, шошқа аскаридоздарында гигромицин Б байытылған жем береді.
Профилактикалық дегельминтизация – гельминттердің биологиясын және эпизоотологиясын ескере отырып мал қорада ұсталған кезде жоспарлы түрде жасалады.
Дезинвазия – сыртқы ортадағы инвазиялық аурулардың қоздырушыларын жою. Дезинвазияның мақсатына қарай бірнеше түрі бар: профилактикалық, ағымдық және қорытынды. Дезинвазияны механикалық, физикалық, химиялық тәсілдер арқылы жүргізеді.
Механикалық тәсіл –қораны және ферма территориясын қи, саңғырықтан, қоқыстардан, лас төсеніш, азық қалдықтарынан тазарту және т.б.
Физикалық тәсіл – ивазиялық бастау тетігін жоғары температура ( от, ыстық бу, қайнату, су буы), кептіру арқылы жою.
Химиялық тәсіл – қораларды химиялық препараттарды (бірхлорлы йодтың 10 % ерітіндісі, 5 % натрий гидроксиді, 5-10 % ксилонафт, ортохлорфенолдың 2 % сулы ерітіндісі) қолдана отырып іске асырылады.

  • Топырақты, еденді дезинвазиялау үшін 10% хлорлы әк ерітіндісін (белсенді хлор пайызы 2,7) 10 л/м2 есебімен қолдануға болады. Дезинвазияны жаңбырдан кейін, ыстық күндері жасауға болмайды. Ірі қара қиын қи сақтағыштарда 2 ай бойы ұстайды, ал құс саңғырығын кептіргіш қондырғыларда немесе биотермиялық әдіспен дезиваниялайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет