Дістемелік кешені


Дезинфекциялық препараттар



бет53/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114
9.4. Дезинфекциялық препараттар.
Дезинфекциялық заттар – жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюға арналған емдік концентрациядан жоғары концентрациядағы химиялық қосылыстар.
Дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар:
- улылығы төмен болу керек;
- суда жақсы еру керек;
- төмен концентрациядағы белсенділігі жоғары болу керек;
әсер ету жылдамдығы жоғары;

  • өңделетін нысаналарға теріс әсері болмау керек;

  • сақтағанда тұрақты болу керек;

  • тасымалдағанда ыңғайлы болу керек;

  • экономикалық жағынан тиімді болу керек.

Дезинфекциялық заттарды ұнтақ, ерітінді күйде жиірек, ал газ түрінде сирегірек пайдаланады.
Дезинфекциялық заттар химиялық құрылысы мен қасиеттеріне байланысты екіге бөлінеді:
1) Жай минералды заттар және жеке элементтер.
2) Күрделі органикалық қосылыстар және қоспалары.
• Ең көп тараған химиялық топтарға (барлығы 15 топтан жоғары) жататындар:
- Тотықтырғыштар (пероксидтер; сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты, жоғары қышқылдар);
- Галоидтар (негізі хлор мен йод) және олардың қосылыстары (хлораминдер, гипохлоридтер, дихлораминдер, Дезмол, Дезам, Дезхлоржәне б.);
- Галоидаралық қосылыстар (құрамында активті хлор мен йод бар заттар, бір хлорлы йод, йодоформ, йод повидон, дайазан және басқада йодофорлар);
Минералды және органикалық қышқылдар (тұз қышқылы, күкірт қышқылы, сірке суы, қымыздық қышқылы және т.б.);
- Металдар және олардың қосылыстары;
- Сілтілер (күйдіргіш натрий, калий, сөндірілген және жаңадан сөндірілген әк, сақар, сода кальцийленген сода, «Каспос»препараты, «Демп» препараты , «Компоцид» препараты және т.б.);
- Спирттер;
- Альдегидтер;
- Фенолдар;
- Нитрофурандар;
- Хиноксаминдер;
- Беткейлік белсенді заттар (ПАВ) және т.б;
Дезинфекциялық заттардың әсер ету механизмі.
Әсер ету механизмі деп, микробпен дезинфекциялық заттың арасындағы процесті айтамыз.
Дезинфекциялық процестің жүру негізі:
- Ең алдымен микробпен дезинфекциялық зат өзара, әрі қоршаған ортамен (органикалық және неорганикалық заттар) әсерлеседі;
- Дезинфекциялық заттың микробқа оның сыртқы қабатынан өтуі;
- Дезинфекциялық затпен клетканың негізгі құрылымдар арасындағы реакциясы (ең алдымен белоктармен).
Химиялық дезинфекциялық заттардың микроб клеткасына жылдам әсері (оның жылдамдығы) олардың диссоциялану қасиетіне байланысты: тез диссоцияланса соғұрлым тез цитоплазмаға кіреді, жояды.
Әр топтағы дезинфекциялық заттар микроб клеткасында әртүрлі морфологиялық өзгерістер тудырады:
- Құрамында хлоры бар заттар және тотықтырғыштар клетканың ішіне өтіп, клетка протейнімен әсерлесіп тотығу реакциясын туғызады;
- Минералды сілтілер және қышқылдар, әсіресе ОН-ионды сілтілер, микроб клеткасында және оның мембранасында қабылданып, клетканың қабырғасы қатты жарақаттанады (гидроксильді және сутегі иондарының көмегімен), әрі клеткада гидролиз тудырады.
Қазіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген дезинфекциялық заттарға жататындар:
Қазақстанда өндірілген – Дезагид, Экодез (КазНАУ), Катафор, Этафор (КазНИВИ), Полистирол (г. Павлодар).
Ресейде өндірілген – нейтральды кальций гипохлориді дезанол, аналит (Ас тұзын электрохимия әдісімен өңдеу арқылы алынады), сульфохлоронтин, полисепт, пемос-1, аламинол, йодез, дезэфект, глутарлы альдегид, бриллиант, вироцид, фоспренил (аэрозольды түрде пайдаланады), пербоксан (ет өңдеу құралдарына арналған), Дезамин, дезан, йодты алюминий, бактерицид, пенохлор, гармамид, хлораминдер, озон, ионизаторлар, теотропин, делеголь (8 активных компанентов предохраняют животных от всех вирусов, бактерий и грибов), Экобиоцид.
Шет елде өндірілген – виркан, перформ, терралин, асептол, глютекс, септадор, септабик, бромосепт.
Қазіргі уақытта кәдімгі қарапайым заттарға қарағанда бірнеше активті заттардан (2-3 оданда көп) тұратын композициялық құрамдарды қолдану тиімді.
Дезинфекциялық аппратаура мен қондырғыларға қойылатын талаптар.
Қазіргі кезде мал шаруашылығында мынадай дезинфекциялық қондырғылар қолданылып жүр: ДУК-1, ДУК-2, СТЭЛ, АИСТ-8, АИСТ-2М, термогазогенераторлы ТГУ-500, « АИСТ-2У» және т.б.
Әртүрлі пайдалануға ыңғайлы спрейерлер (ірі дисперсті шаңдату), аэрозольдық шашыратқыштарды қолдануға болады (қауырт жағдайларда) – Gloria (Германия) және Birchmeier (Швецария), бұлар Ресейде кеңінен қолданады.
Жуғыш – дезинфекциялық қондырғылар: ОМ-22613, ОМ – 22614 (Россия), Reno (Дания), комплект PHV (Франция).

10 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет