Дістемелік кешені



бет63/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Дәрістің тақырыбы: .Қой және шошқа гигиенасы
Дәрістің мақсаты: Ауыл шаруашылық малдарды ұстау әдістерімен танысу
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қой және шошқа малын ұстау жүйелері мен әдістері
2. Малды күтіп-бағу ерекшеліктері
3. Жас төлді күту және өсіру гигиенасы
4. Малды бордақылау кезіндегі гигиеналық талаптар


1. Қой және шошқа малын ұстау жүйелері мен әдістері
Қойды ұстау жүйелері. Жайылымда-қолда ұстау жүйесінде қойларды қыста қорада ұстап, жазда жайылымда бағады. Бұл әдісті көбінесе еліміздің орталық, солтүстік және шығыс бөлігіндегі шаруашылықтар қолданады.
Қолда – жайылымға шығарып бағу республикамыздың жазғы және қысқы жайылымдары бар барлық аймақтары қолданады. Бұл жүйеде шаруашылықтар саулықтар төлдейтін кезде беретін немесе қыс пен ерте көктемде қойды азықтандыратын қажетті жем-шөп қоры болады.
Жайылымда бағу жүйесінде қой жазда да, қыста да жайылымдық жерде бағылады. Қыста қойларға суықтан, бораннан қорғайтын баспана, қоралар салынады. Қойларды ұстаудың мұндай әдісі көбінесе жылы жерлерде, оңтүстікте қолданылады.
Шошқа шауашылығында оны ұстаудың екі түрін қолданады: серуенге шығарып және серуенге шығармай. Серуендетіп бағудың өзі 2 түрлі варианттарға бөлінеді: уақытылы серуендету және өз еркімен серуендету.
Уақтылы серуендету жүйесінде шошқаны жекеленген немесе топтық станоктарда ұстап уақтылы оларды серуендету алаңына шығарып отырады. Жекеленген станоктарда қабандарды, мегежіндерді және туған мегежіндерді торайларымен бірге ұстайды.
Өз еркімен серуендету жүйесінде шошқалар топтық станоктарда ұсталып серуендеу алаңдарына өз еркімен шығып отырады. Ол үшін қораның ұзына бойынан серуендеу алаңына шығатын тесік жасайды. Павильонды құрылыстарда оларды станоктарда, еденде немес көпярусты торлы батареяларда немесе тұрақты құрастырылған контейнерлерде , көпесікті ғимараттарда және жылжымалы контейнерлерде ұсталады.
Серуендеу алаңының көлемі шошқаның басына байланысты. Серуендеу алаңының смөлшері әрбір басқа есептегенде : ұрықтандырғыш қабандарға – 10 м2, мегежіндерге 5-10 м2, ажыратылған торайларға 0,8 м2.
2. Малды күтіп-бағу ерекшеліктері
Толық құрамды азықтандыру – жақсы қоңдылықта ұстаудың, қойдың төлдегіштігі мен сүттілігін, жүнділігін артырудың биологиялық негізі болып табылады. қойға берілетін азықтың бәрі сапалы әрі дұрыс өңделуі тиіс. Сапасы төмен азықтан қой әр түрлі ауруларға шалдығды. Қылқыанды дабыл топанын пайдалану асқазан – ішек жолдарының қабынуына әкеліп соқтырады. Шағын шаруашылықтарда ағаш немесе металл астаулар қоолданылады. Іш тастау немесе асқазан – ішек ауруларын болдырмау үшін буаз саулықтарды көп жатып көгерген, сапасы өмен азықпен азықтандыруға болмайды.
Қойларды сумен жеткілікті қамтамасыз етілуі тиіс. Жазында қойды екі рет – ертеңгілік өрістен кейін және кешке өріске шығар алдында, ал қысында бір мәрте – мал қораға тынығуға қайтқан кезде суару керек.
Қой шаруашылығында елтірілік қойларды сауу кеңінен тараған. Қаракөл саулытарынан сауылатын мерзім ішінде 100 кг дейін сүт алынады.
Сауылатын саулықтарды көкке бай, жұғымды және құрама жеммен баййытылған күшті рационға қояды. Саулықтар үшін сүт сауу пунктінен 2-3 км арақашықтықта жайылымдар бөледі. Қозысын емізіпжүрген саулықтар тәулігіне бірмәрте, ал емізбейтінсаулықтарды екі рет сауады.
Қой шаруашылығында қойды сауудың екі әдісі қолданылады: кавказдық (бір бүйірінен) және молдовандық (артынан). Оның алғашқысы өте баяу. Мұндай жағдайда сүт аз былғанады, екінші әдіс тез саууға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сауу қондырғылары қоладнылады ( ЭДУО-12) , олардың өнімділігі – 2,5 сағаттың ішінде 800-1000 қойға дейін саууға болады.
Республикамызда қойды жазғы және қысқы жайылымдықта күтіп – бағуға мынадай міндеттер ойылады: табиғи және жасанды азықты тиісінше тиімді пайдалану, мал басының жақсы қоңдылығына, оның жоғары төлдегіштігі мен жүн өнімділігіне қол жеткізу.
Ұрықтануға қошқарларды12-15 айлық жасынан бастап қолдана бастайды.
Ұрықтандырғыш қабандар жеке станоктарда ұсталады, оның ауданы 7 м2 болу керек. Тесерілетін және күйттеуші қабандар топпен, әр станокта 5 бастан орналастырылады. Қабандарды азықтандыру үшін топтық немесе жеке станоктарда азықтандыратын және суаратын ыдыстары болады. Ұрықтандыру үшінпайдаланылатын қабандарды жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтардан алады. Күнделікті активті моцион ұйымдастырады, шәәует сапасын жоғарылату үшін жан – жақты азықтандырады.
3. Жас төлді күту және өсіру гигиенасы
Саулық төлдегеннен кейін оны қозысымен бірге шағындау топтық торларға көшіреді. Әр 100 саулыққа осында 10-12 тор бөледі. Малшылар саулықтардың желінін үнемі қадағалап, таза ұстау қажет.
Қозылардың туғаннан кейінгі2-3 апта бойына қоректенетін азығы ене сүті болып табылады. алайда ене сүтіне олар тоймай бстайды, сондықтан 10 күндігінен бастап оларға ірі, жұғымды және құрама жем беруге болады.
Еліміздің көп аудандарында қозыларды өсірудің қорлық – базалық әдісі кеңінен қолданылады. Ол қозыларды суы тиіп ауыруын, топырақ жеуін. Гельминттермен зақымданып өлімін шектеуге мүмкіндік береді.
Емшектегі торайларды өсіру кезінде төмендегі 4 кезең жауапты кезең болып табылады: туғаннан кейінгі алғашқы 2-3 тәулік, торайлар жаңа тіршілік жағдйына үйрене бастағанда; 5-7 тәулікте, мегежін сүтінде темірдің жетіспеуі салдарынан анемияның дамуы; 14-21 тәулікте әр түрлі ауруларға колостральды иммунитеттің әлсеіреуі; 26-60 тәулікте торайларды енесінен бөлгенде, оларды ене сүтінен айырып, басқа азыққа ауыстырғанда. Жаңа туылған торайларды 2 сағаттан кешіктірмей уызбен азықтандырады және алғашқы күндері оларды азықтандыру жиілігі 20-24 реттен кем болмау керек.
4. Малды бордақылау кезіндегі гигиеналық талаптар
Қойды табиғи жайылымдықта бағып семірту 100 күнге дейін созылуы мүмкін, ал жасанды жайылымда 60-90 күнге дейін созылады. Бордақылаудың алғашқы жартысында мал рационында ірі, жұғымды және тамыржемісті азық түрлері мол болуы тиіс, ал бордақылаудың аяғына қарай ондай азық азайтылып, құрама жемдер көбірек беріледі. Бордақы малды қалың сабан төсеніші бар, ауа температурасы 3-5 ºС, салыстырмалы ылғалдылығы 80 пайыз болатын құрғақ қорада орналастырады, малдың қимылын азайтады.
Қойды дұрыстап бордақыласа, салмағы 30-50 пайызға артады. Жайылымда жаю мерзімі күніне шамамен 12-14 сағатқа созылады.
Шошқа шруашылығында торайларды ет үшін , ал ересек шошқаларды майы үшін бордақылайды. Шошқа етін өндіруде оларды бордақылау ең соңғы процесс болып табылады. бордақылауға жас төлді және жарамсыздыққа шығарылған мегежіндерді қояды. Шошқа етіне азықтың сапасы айтарлықтай әсер етеді. Соған байланысты азықтар шартты түрде үш топқа бөледі. Шошқа етінің сапасын жақсартатын, нашарлататын және теріс әсер тетеін азықтар болып.

14 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет