Дістемелік кешені


Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық құстары гигиенасы



бет64/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық құстары гигиенасы
Дәрістің мақсаты: Құстарды күтіп-бағу әдістерін меңгеру.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Құстарды ұстау жүйелері әдістері
2. Инкубациялау гигиенасы
3. Балапандарды өсіру гигиенасы
4.Жұмыртқа өндіру гигиенасы
5.Бройлер өсіру гигиенасы


1. Құстарды ұстау жүйелері әдістері
Қазіргі уақытта құстарды ұстаудың екі әдісі қолданылады: еденде бағып күту және торда бағып күту.
Еденде ұстаудың өзінің бірнеше әдістері бар: еденде ауыстырылмайтын төсеніште ұстау, ағаш еденде және торлы еденде ұстау. Бұл жүйе көбінесе асыл тұқымды тауықтарды өсіру шаруашылықтарында қолданылады.өндірістік бағыттағы тауықтарды ағаш немесе торлы еденде ұстаған жөн. Бұл жағдайда көбірек тауық ұстауға және саңғырықты жинауды механикаландыруға болады.
Ауыстырылмайтын төсенішті төсер алдында еденді жуып, дезинфекциялайды. Төсеніш ретінде сабан, жүгерінің майдаланған сабақтары, ағаш ұнтағы алынады.
Тауықтарды тақтайшада немесе торлы еденде ұстағанда төсеніштің қажеті жоқ, саңғырығы тордың астына түсіп отырады. Саңғырықты қораға құстардың жаңа партиясын кіргізер алдында жинап, қораны дезинфекциялап отырады. Бір шаршы метрге 6 тауықтан артық орналастыруға болмайды, сондай-ақ әр тауыққа 60-80 см биіктікте орналасқан тақтайшалардың ұзындығы 18 см , ал олардың аралығы 30-35 см болу керек. Етті және етті-жұмыртқа бағытындағы өсірілетін тауықтар үшін тақтайшалардың биіктігі 60см, ал ұзындығы 25 см және аралығы 35 с м болу керек. Сонымен қатар әр 3-5 тауыққа жұмыртқа салатын бір ұяшық жасап қою керек. Ұяшық төсенішін үнемі ауыстырып отыру қажет.
2. Инкубациялау гигиенасы
Жұмыртқаларды инкубациялау үші инкубаторлар мен инкубаторийлерде санитариялық – гигиеналық режимді сақтаудың маңызы зор. Инкубатор құрамында инкубация залы, жұмыртқа салынтын орын, жуып тазартатынжәне қызмет істейтін бөлмелер кіреді. Бұл нысандарда әр түрлі микроорагнизмдердің өсіп – өнуіне жол бермейүшін бұларға құс жұмыртқалайтын маусымның қарсаңында және онан кейін айына 1 рет дезинфекциялап отырады. инкубаторға салынатын жұмыртқа 4-6 күнненартық сақталмау керек. Инкубатордағы темепратура тұрқты болады: +37 + 39 градус. Гигеналық норма бойынша инкубаторлар мен инкубатрийлердің ауасындағыкөмірқышқыл газыныңмөлшері 0,4-0,7 пайыздан аспауы тиіс. Балапандардың бір мезгілде жұмыртқаны жарып шығуы инкубаторийлер ойдағыдай жұмыс істеп тұрғанын көрсететеді.
3. Құстарды ұстау және балапандарды өсіру гигиенасы
Тауықтарды ұстаудың екі әдісі қолданылады: еденде және торда. Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылық жүйесіне және өндірістің мамандандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.
Тауықтардан жоғары сапалы және мол өнім алу үшін ең алдымен қорада қолайлы микроклимат қалыптастыру керек. Жылдың суық мезгілінде құс қорасының температурасы 18-16º С аралығында , ауа ылғалдылығы 60-75% болуы керек.
Торда ұстау әдісі. Инкубаториядан балапандарды қабылдағанда мықты және әлсіз балапандарды ажыратып, мықтыларын астыңғы ярустағы торларға, ал әлсіздерін жоғары ярустағы торларға орналастырады, себебі жоғары жақта темепратура да жарық та жеткілікті болады. 1 - 30 күндік балапандар үшін тор ауданы180-200 см2, азық фронты -2,5 см кем емес, 31-60 күндік -сәйкесінше 285-300 см2 және 5 см; 61-140 күндік балапандар үшін – 450-500 см2 және 8 см болу керек. Құс қорасында ауа ылғалдылығын психрометрлермен өлшеп отырады, алғашқы 15-20 күндері ылғалдылықты 65-70% ұстап отырады, сосын 55-60% дейін төмендетеді.
Ұстаудың аралас әдісі. Балапандар 60 күндік болғанда оларды еденде қалың төсеніште ұстап өсіру үшін акклиматизаторларға өткізеді. Төсенішті 5-8 см етіп төсейді. Төсеніш ретінде сабан, ағаш үгінділері, торф алынады. Құс қорасында температура 18-16 аралығында болу керек. Ауа ылғалдылығы 60-75%. Жылдың ыстық мезгілінде желдету жүйесі балапанның 1 кг салмағына сағатына 4-5 м3 таза ауа , қыста- 1-2 м3 таза ауа беру керек. Температураны 26-28° аралығында ұстап отырады.
4. Жұмыртқа өндіру гигиенасы
Жоғары сапалы құс еті мен жұмыртқа алу үшін оларды өндіру процесінде барлық ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптарды орындау керек.
Өндіріс мекемесінің территориясы. Өндіріс орнының территориясы қоршалған болу керек. Көлік және қызметкерлер жретін жолдар, тиеп-түсіру алаңдары шаң шығармайтын, жуу мен дезинфекция жасалатындай су өткізбейтін материалдан жабылу керек. Кіреберіске көлікке арналған дезөткел жасалу керек.өндіріс мекемесінің территориясында әрқашан тазалық сақталуы тиіс. Қоқыстарға арналған арнайы жәшіктер орнатылады.
Жарықтандыру жүйесі. Өндіріс орындарын жалпы жарықтандыру үшін люминисцентті шамдар, ал ылғал, жылуы көп бөлмелерде қыздыру шамдарын орнатады. Жұмысшы бөлмелерде жарық 325 лк, ал ветеринариялық-санитариялық сараптау және шикізат пен дайын өнім сапасын тексеру бөлмелерінде 500лк болу керек.
Технологиялық қондырғылар, ыдыс, көлік. Технологиялық қондырғылар: көлік, агрегаттар, ыдыс, ванна, лотоктар химиялық, механикалық және жылу факторларына төзімді, су өткізбейтін және корозияға төзімді болу керек. Технологиялық қондырғыларды құс етін өндіру технологиясының схемасына сәйкес, дайын өнім мен шикізат жолы қиылыспайтындай орналастырылуы қажет. Шикізат пен дайын өнімді өлшейтін жеке-жеке таразы болу керек. Дайын өнімге арналған таза ыдыс дезинфекцияланған стеллаждарда арнайы бөлмеде сақталады.
Жұмыртқаларды инфекциялық аурулардан сау шаруашылықтардан қабылдайды. Жұмыртқаларды барынша қысқа уақыт ішінде өңдеуге жіберілу керек. Жұмыртқаларды жару алаңына жібермес бұрын оларды визуалды қарайды және овоскопия жасайды. . Дайын өнім сақталатын бөлмелер ауасының температурасы мен ылғалдылығын арнайы құралдармен өлшеп, жорналға тіркеп отырады.

15 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет