Дістемелік кешені



бет67/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114
1-сурет. Термограф: 1- биметаллды пластинка; 2-перолы стрелка; 3-айналмалы барабан.
Ауа температурасын өлшеу ережесі. Ауаның температурасын анықтау үшін термометрді қораның ішінде тікелей күн сәулесі түспейтін және қабырғадан терезеден, пештен желдеткіш құбырдан алшақтау орнатады.
Қораның температурасы тәулігіне үш рет өлшенеді (ертеңгілік, түсте және кешке). Өлшеу жүмысы қораның ішінде көлденеңінен үш жерде жүргізіледі (қораның ортасымен екі бүрышы, қабырғалардан 0,8 - 1,5 м қашықтықта өлшейді); ал тікелей өлшеу үшін әр жерде үш биіктікте жүргізіледі:
а) сиыр қораларда - еденнен 0,5 пен 1,2 м, төбеден 0,6 м;
б) шошқа қораларда - еденнен 0,3 пен 0,7 м, төбеден 0,6 м;
в) кұстарды еденде ұстағанда 0,2 мен 1,5 м, төбеден 0,6 м;
Құстарды клеткада ұстағанда температураны өлшеу жұмысы әр ярус деңгейінде және батереялар аралығында жургізіледі.
Температураны анықтау барысында қүралдардың көрсеткіштері тұрақты бір шамаға келгеннен соң алынады /10-15 минут шамасында).
Әр малдың түлігіне және жасына байланысты температура нормалары (0С): ірі қарада-6-10, бұзауларда-16-18; қойларда-5-15, қозыларда-18-20; шошқаларда-15-18, торайларда-22-30; жылқыларда-4-8, құлындарда-8-15; құстарда-16-18, балапандарда-28-35.
Студенттердiң өзiндiк жұмысы:
Температураны анықтауға арналған приборлардың түрлері , құрылысы мен жұмыс істеу тәртібін меңгеру
Мал қора жағдайында ауа температурасын әртүрлі приборлармен өлшеу.
Мал қорасында анықталған температура көрсеткіші бойынша гигиеналық баға беру.
Қора ауасының температурасын қолайлы етуге арналған ұсыныстар беру.


1.2 Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау
Сабақтың мақсаты. Ауаның суыту қабілеті мен жылдамдығын анықтау әдiстерiн игеру.
Керектi құралдар мен жабдықтар. Динамикалық анемометрлер (қанатшалы типтi АСО-3 және табақшалы типтi МС-13), кататермомтерлер (цилиндрлiк және шар тәрiздi).
Сабақтың мазмұны. Мал қораларындағы ауа үздіксіз және әркелкі қозғалыста болады. Қора –жайлардағы ауа қозғалысының жылдамдығы мен бағыты желдету жүйесінің жұмысына, есік, терезелерді ашқанға, малдың жылу шығаруына, сыртқы атмосфералық ауаның жыдамдығы мен бағытына және т.б. факторларға байланысты.
Организмге ауа қозғалысы тікелей және жанама әсер етеді.Тікелей әсері организмнің жылу реттеу жағдайына ықпал етеді, яғни жазды күні ыстық ауа қозғалысы малды тез терлетіп, буды көп бөлгізеді, шөлдетіп, тәбетін нашарлатады, ішін қатырып, өнімділігін төмендетеді.
Қысты күні төменгі температурадағы ауа қозғалысы жылудың конвекциялық жолмен шығуын күшейтеді, сөйтіп организмды суытады. Суық ауа мен ылғалдың мол болуы малды тез тоңдырады.
Ауа қозғалысының жанама әсері ауарайы мен климатқа ықпал етеді. Жылдам орын алмасқан ауа массасы фермадан ылас ауаны алып кетеді.
Ауа қозғалысын оның бағыты мен жылдамдығы бойынша сипаттау қалыптасқан. Жылдамдығы секундына метрмен (м/сек) өлшенеді, ал бағыты желдің соққан жағы бойынша румбамен анықталады.
Зоогигиеналық нормаларда қора-жайдағы ауа қозғалысының жылдамдығы жыл мезгілі мен мал жасына қарай белгіленген: қыста төлдер үшін 0,02-0,03м/сек, сақа малдар үшін-0,2-0,5м/сек, жазда 0,5- 1м/сек дейін, ал сырттағы ауа температурасы 31-320С кезде малға салқын болу үшін ауаның қозғалыс жылдамдығын 1,5м/сек дейін арттырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет