Дәрістің тақырыбы: Жылқы және түйе гигиенасы Дәрістің мақсаты: Малдарды күтіп-бағудағы ерекшеліктерді меңгеру
Қарасытырылатын сұрақтар: 1. Жылқы және түйе малын ұстау жүйелері мен әдістері
2. Малды күтіп-бағу ерекшеліктері
3. Жас төлді күту және өсіру гигиенасы
4. Сүт өндіру гигиенасы
5. Малды бордақылау кезіндегі гигиеналық талаптар
1. Жылқы және түйе малын ұстау жүйелері мен әдістері Жылқыны ұстаудың екі әдісі бар: қолда-жайылымда және табындық. Әр шаруашылық ұстау жүйесін өндірістік бағытына қарай таңдайды.
Қолда-жайылымда әдісі. Жылқы зауыттарының барлығы дерлік қолда-жайылымда әдісін қолданады. Өндірістік бағытына және жасына қарай жылқыларды топтап немесе жеке –жеке ұстайды. Арнайы денниктерде асыл тұқымды биелер мен құлындарын, өндірістік айғырларды, енесінен айыратын құлындарды және тренингтегі құлындарды жеке-жеке ұстайды. Ал жұмысшы аттарды және тұқымы жағынан аса бағалы емес аттарды 20-100 бас сыятындай етіп арнайы залдарда ұстайды.
Топтап ұстау ат қораларында биелер құлындайтын арнайы денниктер жасақталады. Жылқы зауыттарында және асыл тұқымды ат фермаларында жылқыларды серуендететін алаңдар бөледі.
Өндірістік айғырдың бір басына 600 м² жер, тренингтегі құлынға 400 м², ал басқа топтағы жылқылардың әр басына 200 м² жер қажет.
Жылқыларды ұстаудың табындық әдісі. Бұл әдіс бұрыннан қолданылып келе жатыр, қазіргі уақытқа дейін сақталған әдіс. Жылқыларды ұстаудың табындық әдісін екіге бөледі: дәстүрлік (сұрыпталған)-табындық және жақсартылған-табындық. Дәстүрлік(сұрыпталған)-табындық әдіс ыңғайлы әрі тиімді әдіс. Жылқыларды жасы мен жынысына қарай бөліп жаяды. Жылдың суық мезгілінде өндірістік айғырларға, құлындайтын биелерге, тренингтегі құлындарға арнайы қоралар салады, ал жылқылардың топтарына жай ғана баспана жасайды.
Түйе өсіру саласын тиімді жүргізудің негізгіережесі – жыл бойына түйенің қоңдылығын жақсы жағдайда ұстау. қоңдылығы жақсы , өркешінде май қоры жиналған түйелер ғана қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімді болып келеді.
Түйелерді жыл бойына жайылымдықта ұстауға болады. Өйткені, табиғи жағдайда түйе өзін өзі қамтамасыз ететді.
Қазіргі кезде түйені ұстау әдістері біршама өзгерген. Көптеген түйе өсіретін щаруашылықтар қыстаулардағы жайылымдарда жануарларды ауарайының қолайсыз жағдайынан сақтау мақстында арнайы қора жабдықтар салынады. Оңтүстік аудандарда қора жайлар төрт жағынан қоршалған база – алаң салынады.
2. Малды күтіп-бағу ерекшеліктері Жылқыны ең құнды азықтандыру жүйесі – ол малдың тәбетін ашумен қатар, жем – шөптің сіңімділігі және тез қорытылуы үшін ең бірінші ірі шөппен, содан кейін шырынды шөппен, ең соңында құрама жеммен азықтандырған жөн. Жылқыны азықтандыру кезінде бір азықтан екінші азыққа біртінеп ауыстырған жөн. Биелерді тәулігіне 3 рет суарып тұру керек. Буаз биенің рационына көлемді азық енгізуге болмайды, оған өте тез жұғымды, жеңіл қортылғыш, сапалы және ір түрлі жем – шөпті қолданған жөн. Буаз биені жиі серуендетіп оны жүйелі пайдаланған жөн және ауа айының жақсы күндерінде таза ауада көбірек жүргізу керек.
Айғырды байлаусыз, кең әжіреде және жарық, құрғақ, таза жқсы желдетілтін қорада баққан дұрыс.
Шағылыстыру кезеңінің бсталуына 1-1,5 ай қалғанда айғырларды азықтандыру нормасы көбетілуі керек. Айғырларды азықтандыру серуендету мерзімімен тығыз байланысты және жүйелі түрде ұйымдастырған жөн. Жаздыкүнә айғырларды салқын суға түсіріп немесе өзендерге, көлдерге тотығып тұрған дұрыс. Айғыр тұрған әжіреден қиды және төсенішті күнделікті шығарып отырған жөн.
Түйелердің негізгі азығы ол шөл және шөлейт жайылымдарда өсетін табиғи өсімдіктер. Қазақстан республикасында түйелерге арналған қысқы жайылымқастақтар негізінде құмды бархандар орналасып, оларды қатты желдерден және борандардан қорғайды. Мұндай қыстақтарда түйелерді қайыту жәнеботалату жүргізіледі.
3. Жас төлді күту және өсіру гигиенасы Ең бастысы жаңа туған құлындарды суықтан, алғашқы дымқылдан және желден сақтау керек. Сондықтан да оларға құрғақ, таза әрі жылы төсеніш керек.
Құлын кезінде организмнің жетік интенсивті өсуі енесінің сүтіне байланысты. Құлынның 1 кг салмағына 10 л ененсінің сүті қажет. Сол үшін құлынды биені жұмысқа салуға болмайды. Құлын енесімен бірге жайылымда жүргенде 1-1,5 ай кезінде шөпке үйренеді. Ал, екі айлық кезінде жем беруге де болады. Құлынға жемді беруді 200-300 г бастайды да кейіннен көлемін көбейте береді, ал енді ененсінен ажыраған кезде 2,5 – 3,0 кг дейін жеткізеді.
Құлынның рационына витаминді, минералды қоспалар және балық майын енгізеді.
Жас боталар өте нәзік және суық тигішкеледі. Ботаны туғаннан кейін алғашқы 1,5 – 2 сағаттың ішінде енесіне жібереді. Ботваны тәулігіне 4 мезгіл емізеді. Түйелерді саууды боталағаннан 2 айдан кейін бастайды.
Күн жылы кезде 10-15 күннен кейін боталаған інгендерді төлдерімен бірге жайылымға шығарып жаюға болады. Боталарды енесінен ажырату алдында оларға сырға тағып, таңбалайды. Енесінен бөлінген боалар көбінесе жайылымда жүріп азықтанады. Қыс мезгілінде оларды қосымша жем – шөппен азықтандырады.
9.4. Сүт өндіру гигиенасы Биені сауу тәсілдері: қолмен және механикалық әдіспен сауады.
Бинені қолмен сауғанда күндіз құлындрда енесінен бөлек ұстайды және 1-2 сағат сайын сауып алады да, түнге қарай құлындарды қосып жібереді.
Сауу кезінде емшекті атты қысуға немесе тартуға болмайды, өйткені мұның өзі биелердің ауырсынуына және тынышсыздануына, шала сауылуына себеп болады. Биелерді күн тәртібінде белгілегендей дәл уақытында сауып отыру керек. Уақытты өзгерту, сүттің тартылуын немесе өздігінен иіп кетуін туғызады, сапасын төмендетеді және сүт безі ауруға шалдығуы мүмкін.
Биелерді машинамен сауу алғаш рет 1961 жылы қазақ мал шаруашылық ғылыми- зерттеу институтында жүргізілді.
Қымыз ферамсында қызмет ететін адамдар малдан адамға және керісінше жұғатын әр түрлі індетті аурулардың таралу жолдарын жетік біліп,оны болдырмау шарарлын ұдайы қарастырып отыру керек. Шаруашылықтағы малдарға әртүрлі жұқпалы аурулардан аман сақтау мал дәрігерлерінің тікелей міндетіне жатады. Әсіресе, сауын биелері маңқа, туберкулез, желінсау ауруларын алдын алу шараларын сақтау қажет.
5. Малды бордақылау кезіндегі гигиеналық талаптар Жылқыларды бордақыға қойғанда оларға ветеринариялық, зоотехникалық шараларды жүргізеді де олардың қоңдылығын анықтайды, өлшейді, құрт ауруларына қарсы емдік шаралар жүргізеді. Алғашқы күндері рациондағы ірі шөп және құрама жем 30 пайыз, шырында 40 пайызды құрайды да, ал бордақылаудың соңғы күндері шөп -30 пайыз, шырынды шөп 10 пайызды құрайды, құрама жем көбірек беріледі.
Жылқыларды табында бордақылау кезінде оларды умен қамтамасыз етуге аса көңіл бөлу керек. Табында семірткен жылқының етінің сапасы жоғары болады. Жылқы тезсеміреді, салмағы тәулігіне 1,5-2 кг дейін өседі.