3. Жас төлді күту және өсіру гигиенасы Бұзауларды ұстаудың мынадай әдістері бар: табиғи (шаруашылық), тұрақты емізіп асырау, қолдан сүт беріп асырау, басқа сиырға телу, аралас. Сондай – ақ, бұзауларды қоралар мен қоралар сыртындағы үйшіктерде “суық” тәсілмен асырау әдісі де қолданылады.
Бұзауларды үйшіктерде ұстау – бұл бұзауларды барынша табиғи және инфекцияға қарсы тұра алатын жағдайда ұстайтын прогрессивті тәсіл.
Бұзауларды үйшіктерде ұстаудың мынадай артықшылықтары бар:
Төлдердің өлім – жітімі азаяды;
Жануарлар тобында инфекцияның пайда болу мүмкіндігі кемиді;
Емдік шараларға шығын азаяды;
Дизентерия және өкпенің қабынуын адын алады;
Малдың физиологиялық терморегуляциясы дамиды;
Биологиялық қорғау қасиеттерін арттырады.
Жаңа туған бұзауларды әуелі жеке торларда ұстайды, онда 3 – 5 тәулік ұстап, содан соң жалпы клеткаға көшіріледі. Бокстарға жаңа туған бұзаулар 3 – 4 күннің ішінде кіргізіледі де, содан соң керекті бұзау санының жиналған – жиналмағанына қарамастан, тоқатылады. Соңғы бұзау қабылданған сәттен 10 күн өткенде барлығы бұзау қораның келесі секциясына көшіріледі. Солайша олар топтық клеткаларға орналастрылып, боксқа жаңа туған басқа бұзаулар қабылданады.
Бокстар – саңылаусыз, жылы құрғақ, жеке стерильденген бөлме. Олар 7-10 бұзауға есептелген.әрбір бокста бірнеше жеке және жалпы клетка болады. Бокстардың температурасы 15-20 °С, ылғалдылығы 50 – 70% болу керек. Әуелі бокс дезинфекцияланады, сосын бұзау жіберіледі.
4. Сүт өндіру гигиенасы Сиырларды сауу процесі келесі операциялардан тұрады. Желінді жуу, дезинфекциялау және кептіру, уқалау, сауу аппараттарын уақтылы қосу және алу, сауып болған кейін желінді өңдеу.
Желінді жылы сумен (40-50ºC) шашқыштың көмегімен жуады да, қара пластинкаға кішкене сүт сауып жіберіп, сүттің түсін, иісін және консистенциясын байқайды. Артынан желінді уқалап, дезерітіндіге малынған орамалмен осы желінді мұқият сүртеді. Сүрткен орамалды әр сиырды өңдеп болған сайын дезерітіндісі бар ваннаға салып отырады, дезорамалды әр 50 – 100 сиырды өңдеген сайын ауыстырып отырады.
Сауу аппараттарын, сауу қондырғыларын және сүт тұратын ыдыстарды әр сауыннан кейін міндетті түрде дезерітінділерде шаю керек. Сауу аппаратымен сауылған сүт арнайы құбырлар арқылы сүт жиналатын танктерге келіп түседі де, сүт онда +2 +4 ºC дейін суытылады. Әр кезекте сауылған сүт бөлек сақталады. Сүт тасымалдайтын автокөлік сүт өндіру кешенінің территориясына кірмес үшін автоцистернаға сүтті сүт блогының қабырғасындағы жасалған арнайы тесік арқылы сүт құбыры көмегімен құяды.
Сауу қондырғылары: АДМ-8А-1, АДМ-8А-2, ДДС-8А, УДА-16А «Ёлочка» типті, УДТ-6, УДА-8А «Тандем», УДА-100 «Крусель» типті , УДС-3А, УДС -3Б.
Машинамен сауу операторларының тәртібі мен профессионализмі:
- бөлме гигиенасының жоғары деңгейі. Өте таза болуы және үнемі дезинфекциялануы керек;
- сауын аппаратының сапасы мен вакуум деңгейі нормаға сай болуы керек;
- қондырғылардың жуылуы мен дезинфекциясын тазалығы мен бактериялармен ластану көрсеткіштері бойынша бақылау;
- жеке майлықтарды қолдана отырып, сауудан кейін желінді өңдеу;
- сауудан кейін желін үрпілерін арнайы қорғаныш қабатын түзетін препараттармен өңдеу;
- кез келген формадағы клиникалық маститтің емдеу ұзақтығы 48 сағаттан аспау керек;
- сиырларды Нафпензал DC-пен бірсәтте жіберу жүйесін енгізу.
Болжам. Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалғанда соматикалық торшалардың саны 250-280 мың/мл, бактериялармен ластануы 50 мың КОЕ/мл тең болады. Бұл көрсеткіш алдыңғы қатарлы сүт өндірушіле Еуросұрыпына сай келеді.
Біздің елімізде ірі қараны табиғи жағдайда бордақылау әдісі өзін – өзі жақсы ақтады. Жайып семіртілетін мал мүмкіндігінше жасына, жынысына, қоңдылығына, салмағына қарай топтастырылған дұрыс. Саа мал үшін 120-150 бас, ал төл үшін 150-200 бас етіп топтастырады. Малды жас, балғын шөппен қаматамасыз ету керек. Жайылым өрістреге бөлінеді, әр өрісте мал 5-6 күннен болу керек. Ол өрістреге мал 20-30 күннен бұрын қайтарылмайды. Малды жайып – семіртудің тиімділігі жайылым отының сапасына ғана емес, сонымен қатар мал суаруды дұрыс ұйымдастырғанға байланысты.