Дістемелік кешені


Студенттердiң өзiндiк жұмысы



бет74/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Студенттердiң өзiндiк жұмысы:
1) Студенттер күйдiргiш барий ертiндiсiмен кiшi флаконды толтырып, аузын жауып арасындағы тетiк арқылы шыны таяқшаны салады.
2) Таза бутыльды мал қорасына қойып резина түтiкшесiн салып ауа енгiзедi. Бутыльдың аузын тығынмен тығындайды.
3) Барометрдiң және термометрдiң көрсеткiшiн жазады.
4) Бутыльды жантайтып кiшi флаконның аузын ашып барий ертiндiсiн iшiне құяды.
5) Бутыльды 20 мин жақсылап шайқап араластырып ертiндiнi 1 сағатқа қояды.
6) Бутыльдың аузын кiшi флаконға төмен қаратып iшiндегi барий ертiндiсiн қайта құяды, флаконды 1-2 сағатқа қойып қояды.
7) Бутыльдағы ауа көлемiн 0οС температурағы және 760 мм сынап бағанасына келтiредi.
8) Күйдiргiш барий ертiндiсiнiң титрiн анықтайды.
9) Бутыльдағы көмiрқышқылды сiңiргеннен кейiн тұндырылған күйдiргiш барий ертiндiсiнiң титрiн анықтайды.
10) Студенттер жасалған жұмыстарына қорытынды жасайды.


Әмбебап газанализаторы (УГ-2) арқылы ауадағы зиянды газдарды анықтау
Керектi құралдар мен жабдықтар: 1. Әмбебап газанализатор (УГ-2). 2. Индикатор түтiкшелерi. 3. Термометр. 4. Штырь. 5. Аллюминий фольгасы. 6. Воронка. 7. Мақта. 8. Шкала.
Әмбебап /УГ-2/ газанализаторы - көмірқышқыл газын, тотықты көміртегін, аммиакты, күкіртті сутегіні және басқа да газдарды анықтауға арналған құрал. Ауадағы аты аталған газдардың шоғырлануын анықтау жолы мынаған негізделген: индикатор түтікшесіне толтырылған индикатор ұнтағынан ауаны өткізу кезінде осы газдың ауадағы мөлшеріне қарай белгілі бір биіктікке ұнтақтың түсі өзгереді. Индикатор ұнтағы түсінің өзгеру биіктігі мг/м3 бөліктері бөлінген тиісті шкала бойыша өлшенеді. Газоанализатор ауа тартқыш қондырғы мен индикатор ұнтағы бар қорабтан тұрады.
Анықтау жолы. Индикатор түтікшесін ұнтақпен толтырады. Ол үшін бір ұшына гигроскопиялық мақтаны /қалыңдығы 0,5 мм/ тығындап қояды, одан сәл төменірек металл бекіткіш қолданылады. Дәл сол сияқты екінші бір ұшына индикатор ұнтағын толтырады да мақта қабатын төсеп, тығынмен жабады. Индикатор ұнтағы бар ампула ондағы ұнтақты салған сайын әр кез тығыз жабылуы тиіс. Дайындалған түтікшілерді саңлау қалдырмай /герметизациялау/ бітеу керек. Ол үшін индикатор түтікшелерінің екі ұшын фольга қағазымен орайды, бұдан кейін балқытылған сургучке 10-11 мм тереңдікке батырады, сургуч индикатор түтікшелерінің ұштарын, фольганың жоғарғы жиектерін жабуы тиіс. Мал қораларында сынама алынатын жерде газанализатордың қақпағын ашып, стопорды босатып, втулканың тесігіне штокты орнатады, ол сорылатын ауа көлемінің көрсетілуіне қарай штоктың жоғарғы бетіндегі тереңдікте жылжып тұруы тиіс.
Штокты қолмен басып, стопордың ұшы шток науасыңдағы жоғарғы ойыққа дәл түскенше сильфонды қысады.
Индикатор түтікшесін сургуч пен фольгадан босатып, прибордың резиналы түтігіне жалғайды. Бір қолмен штоктың төбесінен басып тұрып екіншісімен стопорды шығара бастайды. Шток жылжи бастағанда стопорды босатады. Бұл уақытта ауа индикатор түтікшесі арқылы сорылады. Индикатор трубасының ұшы ауа сору сәтінде ауа сынамасын алу деңгейінде тұруы тиіс. Стопр шток науасының төменгі ойығына енгенде сырт еткен дыбыс естіледі. Сырт еткеннен кейін шток қозғалысы тоқтап, ол ауаны соруын біткенше күту керек.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет