1-сурет. (УГ-2) Әмбебап газ анализаторы 1-калибрленген шток; 2-резина түтікше; 3-сыртқы қорабы; 4-фиксатор; 5-индикаторлы шыны түтікше.
Газдың шоғырлануын анықтау үшін әр газға арналған құралға бөліктері бар шкала қойылады. Шкалада өткізілген ауаның қаншалықты көлемінде сол немесе басқа шкаланы пайдалану қажеттігін көрсететін белгілер бар.
Мысалы, көмірқышқыл газының шоғырлануын анықтау үшін 100 немесе 400 мл зерттелетін ауа мөлшерін; аммиакты анықтау үшін 30 немесе 250 мл;, күкіртті сутегі үшін - 30 немесе 300 мл; көмірқышқыл тотығы үшін 60 немесе 220 мл ауа мөлшерін өткізу керек.
Индикатор түтікшесіне орналастырған индикатор ұнтағы бағанасынан зерттелетін ауаны өткізгеннен кейін, өлшеуіш шкалаға қойып, ұнтақ түрінің өзгеруі шкаланың қандай бөлігінде аяқталатын анықтайды. Индикатор ұнтағының түрін өзгерту шегімен мен сәйкес келетін цифр зерттелетін газдың шоғырлануын көрсетеді, ол мг/л немесе мг/мэ деп белгіленеді.
Студенттердiң өзiндiк жұмысы: 1. Студенттер алдын ала индикатор түтікшесін ұнтақпен толтырады. Дайындалған түтікшілерді саңлау қалдырмай /герметизациялау/ бітейдi.
2.Мал қораларында сынама алынатын жерде газоанализатордың қақпағын ашып, стопорды шығарады, втулканың тесігіне штокты орнатады.
3. Штокты қолмен басып, стопордың ұшы шток науасындағы жоғарғы ойыққа дәл түскенше сифонды қысады.
4. Индикатор трубасын сургуч пен фольгадан босатып, прибордың резиналы түтігіне жалғап, бір қолмен штоктың төбесінен басып тұрып екіншісімен стопорды шығара бастайды. Стопр шток науасының төменгі ойығына енгенде, сырт еткен дыбыс естілгеннен кейiн шток қозғалысы тоқтап, ол ауаны соруын біткенше күтедi
5. Зерттелетiн ауадағы зиянды газдарды анықтағаннан кейiн студенттер мал қорасына санитариялық-гигиеналық тұрғыдан баға бередi.
Бақылау сұрақтары: 1. Көмірқышқылының мал организміне әсері.
2. Қорадағы СО2 көбеюі себептері.
З. Ауадағы СО2 анықтаудың тәсілдері.
4. Мал қораларындағы ауада СО2 мөлшері.
5. УГ - 2 құралының құрылысы мен жұмыс істеу жолы.
6. Индикатор түтікшесін ұнтақпен толтыру тәртібі мен техникасы.
7. Қорадағы ауада зиянды газдың болу мөлшері.