Зертханалық сабақ №7-8 Тақырыбы: Ауаның микробпен ластануын анықтау Сабақтың мақсаты: Ауаның микробпен ластануын анықтау әдiстерiн игеру
Керектi құралдар мен жабдықтар: Петри аяқшасы, термостат, колонияларды санауға арналған құрал, АФА-БА-3, АФА-В-18 фильтрлерi, физиологиялық ертiндi, 1 немесе 2 мл стерильдi пипеткалар.
Сабақтың мазмұны. Гигиеналық тұрғыдан ауаның бактериялық ластануын бағалау үшін 1м3 ауадағы жалпы бактериялар санын, сондай-ақ санитариялық-керсеткіш микроорганизм мөлшері мен микроб түрлерін аныңтайды. Ауадағы бактериялардың жалпы санын анықтау үшін тұндыру тәсілі көмегімен ауадағы микробтарды Петри шыны табақшасына қондырып және Кротов құралымен сүзгіштер немесе сұйықтар арқылы микробтарды өсіріп анықтауға болады.
1. Тұндыру тәсілімен микроорганизмді анықтау.Осы тәсілмен анықтау үшін Петри шыны табақшасына ерекше стерилді таза жағдайыңда 15 мл шамасында ет пептонды агар мен желатин құяды. Бұдан соң шыны табақшаны зерттейтін орында 5 минут ашып ұстап микробтарды қондырғаннан кейін, 48 сағатқа 370С температурадағы термостатқа орналастырады. Соңынан Петри шыны табақшасында барлық өскен микробтар санын есептейді.
Есептеу. 1м3 ауаның құрамындағы микроорганизмдерді анықтау үшін 100см2 Петри шыны табақшасыңда 5 минуттың ішінде 10 л ауадан қонатын микробтар санын ескеру арқылы анықтайды.
Мысалы. Көлемі 100 см2 Петри шыны табақшасында 5 минуттың ішінде 10 л көлемдегі ауадан 80 микроорганизм өсті делік. Яғни 1 м3 зерттеу ауасында:
X - /1000:80/: 10 = 8000 микроорганизмдер бар.
2.Ю.К.Кротов құралы арқылы микроорганизмдерді анықтау.Осы құралдың көмегімен ауадағы микробтардың жалпы санын ғана емес сондай-ақ ауру тудыратын және санитариялық- көрсеткіштік микробтардың мөлшерін анықтауға болады.
Кротовтың құралы сыртқы қорабтан, оның табаны мен негізінен және қақпақтан тұрады. Қақпаққа зерттелетін ауаны сорып алу үшін саңылауы бар плексигластан жасалған диск салынған.
Құрал арқылы өткен ауаның мөлшерін есептеп отыру үшін қорабқа вентілі бар ротаметр бекітілген. Құралдың негізіне электрлік мотор орнатылған, ал оның білігіне /ось/ сыртқа тепкіш желдеткіш бекітілген. Желдеткіштің ішіне сегіз қалақты қанаттар орналастырған, ол минутына 60 айналым жасап Петри шыны табақшасының бетін сына сияқты саңлаудан ауа сорады. Қоректі заты бар Петри шыны табақшасын қораптың жоғары бөлігіне орналастырылған айналмалы дискіге бекітеді. Сына сияқты саңлаудан келіп тұрған ауа Петри шыны табақшасындағы қоректік заттың бетіне соқтығып, оған микробтар жабысып қонады.