Дістемелік кешені



бет85/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Темірді анықтау. Темір - суда жүретін жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің қажетті маңызды биогенді элементтерінің бірі болып саналады.
Fe-дің белгілі бір мөлшері су қоймаларының биологиялық өнімділігінің төмендеуіне ықпал етеді. Fe-дің шала тотығы шамадан көп болса судағы еріген оттегінің азаюына ықпал етеді. Судағы темір 1,5 мг/л асып түссе балықтардың тынысы тарылып, біртіндеп өліп қалады, ал суда (Fe) 1,0 мг/л мөлшерінде бола қалса таза суда өсетін балықтар өліп қалады. Балық өсірілетін суда темір 1,0 мг/л аспауы керек. Егер суда темір мөлшері 1мг болса, су ылайланып, қара күрең тұнба пайда болады, темір тектес бактериялар дамиды, сүт заводында мұндай суды пайдаланғанда сары майдың құрамы ыдырап оның сақталу мерзімі төмендейді. Ішуге жарамды суда Fe 0,3 мг/л-ден аспауы тиіс. Оны анықтау жолы қызылдау түсті беретін шала тотық тұзын радонды аммонидің темір тотығына айналдыруға негізделген.

  1. 1мг-дағы темірлі-аммиакты ашудастың стандартты ерітіндісі 0,1 мл.

  2. Радонды аммонидің 50 процент ерітіндісі.

  3. Бертолет тұзы немесе кристал түріндегі персульфат аммоний

  4. Үлес салмағы 1,19 концентратты тұз қышқылы

Темірді анықтау үшін пробиркаға 10мл зерттелетін су құйып, оған 2 тамшы концентрлі тұз қышқылы не азот қышқылын, 2 тамшы 3 пайызды сутегі асқын тотығын немесе аммоний персульфатын пышақтың ұшымен және 4 тамшы 50 пайызды радонды аммонийдің немесе калийдің ертіндісін қосады.

1- кесте. Ішуге жарайтын судың химиялық құрамына қарай шектеу мөлшері





Химиялық құрамы

Шекті мөлшері

1

Реакциясы

6,0-9,0

2

Құрғақ қалдық

1000,0 мг/л

3

Судың оттегімен тотығуы

2 мг о/л

4

Аммиак

0,005-0,2 мг/л

5

Нитриттер

0,004-0,002 мг/л

6

Нитраттар

45,0 мг/л

7

Хлоридтер

350,0 мг/л

8

Сульфаттар

500,0 мг/л

9

Темір

0,3 мг/л

10

Кермектілігі

7,0 мг/ экв/л

2-кесте. Аммиактың су құрамындағы мөлшері анықтау



Пробиркадағы судың түсінің өзгеруі

Жанынан қарағанда

Жоғарыдан төмен қарағанда

3- судағы
мөлшері мг/л

Түсі өзгермеген

Түсі өзгерген

0,1

Түсі өзгермеген

Түсі сәл сарғылт

0,1

Түсі сәл сарғылт

Көрінер-көрінбес сарғылт түс

0,2

Көрінер-көрінбес сарғылт түс

Сарғыш

0,4

Сарғыш

Ақшыл сарғыш

0,8

Ақшыл сары

Сары түсті

2,0

Сары түсті

өте сарғыш түсті

4,0

Сарғыш түс ылайланған

Қара-күрең, ерітінді ылай үсті

8,0

Қара-күрең, ерітінді ылай үсті

Қара-күрең, ерітінді ылай үсті

20

3-кесте. Судағы нитриттің мөлшерін анықтау



Пробиркадағы судың түсінің өзгеруі

Нитриттің
мөлшері мг/л

Жанынан қарағанда

Жоғарыдан төмен қарағанда

түсі өзгермеген

түсі өзгермеген

0,001-ден аз

көрінер-көрінбес қызғылт

сәл қызғылттау

0,002

өте қылаң қызғылт

сәл қызғылттау

0,004

сәл қызғылт

ақшыл қызғылт

0,02

қызғылт

өте қызғылт

0,07

қызғылт

ақшыл қызыл

0,2

өте қызыл

қызыл

0,4

4-кесте. Судағы ниртаттың мөлшерін анықтау

Жанынан қарағандағы су түсіні өзгеруі

Азотты нитраттың мөлшері мг/л

Тек пробиркадағы бақылау суымен салыстырғанда көрінеді

0,5

Көрінер-көрінбес сарғылт

1

Солғын сарғылт

2

Сәл сарғылттау

3

Ақшыл сарғыш

5

Өте сарғыш

10

Сары

25

Қанық сары

50

Өте сары

100

5- кесте. Судағы темірді анықтау



Пробирканың жанынан қарағандағы боялуы

Пробирканың жоғарыдан төмен қарағандағы боялуы

Темірдің зерттелетін суда болуы мг/л

Боялмаған

Боялмаған

0,05-тен аз

Әрең білінетін сарылау-қызғылт

Өте әлсіз сарылау қызғылт

0,1

Өте әлсіз сарылау-қызғылт

Әлсіз сарылау-қызғылт

0,3

Әлсіз сарылау-қызғылт

Ашық сарылау-қызғылт

0,5

Ақшыл сарылау-қызғылт

Сарылау қызғылт

1

Күшті сарылау-қызғылт

Сарылау қызыл

2

Ашық сарылау-қызыл

Ашық қызыл

5



Бақылау сұрақтары:
1. Судың мал шаруашылығындағы гигиеналық және санитарлық маңызы.
2. Су көздері және олардың санитарлық бағасы.
3. Судың сынама мөлшерін алу ережесі.
4. Судың физикалық қасиеттерін анықтау және оның гигиеналық
5. Судың химиялық құрамының көрсеткіштері
6. Судың рН-ы және оны анықтау тәсілі
7. Судың аммиакпен, нитритпен, нитратпен ластану көзі және санитариялық-гигиеналық маңызы
8. Аммиакты, нитритті, нитратты анықтау тәсілдері және олардың қоспасының сапалы болу мөлшерінің мүмкіндігі
9. Хлоридтің, сульфат пен темір тұзының гигиеналық маңызы қандай
10. Судағы хлоридті, сульфатты және темірді анықтау тәсілдері
11. Судағы хлоридтің, сулфаттың және темірдің болу себептері
12. Ішетін су құрамындағы хлоридтің, сульфаттың және темірдің болу нормасы

13-14 Зертханалық сабақ


Тақырыбы Судың кермектілігін анықтау


Сабақтың мақсаты: Судың кермектігінің санитарлық-гигиеналық маңызы және оларды анықтау тәсілдерін игеру.
Керекті реактивтер мен құрал жабдықтар: 0,1н тұз қышқылы, 0,5 процент метилоранж ертіндісі, күйдіргіш натрий мен көмір қышқыл натрий содасының 0,1н сілтілі қоспасы.
Сабақтың мазмұны: Судың кермек болуы ондағы сілтілік жер металлдарының иондары –кальций мен магнийге байланысты. Бұл заттар табиғи жағдайға суға карбонатты минералды көміртегінің қос тотығынан немесе қоршаған су қоймаларына топырақ қабаттарының ылғалдануы барысында пайда болатын, биохимиялық процесстер салдарынан түседі. Мұндай тұздардың көптігіннен су кермек болады, бұл су техникалық және шаруашылық мақсаттарға жарамайды.
Жұмсақ /тәтті, тұшы/ су ішіп жүрген малды ашы суға бірден көшірсе алғашында асқазан –ішек жолының бұзылуы байқалады.
Судың шамадан тыс кермек /ашы/ болуы ішекте, бауырда және бүйректе конкременттердің /тас/ т.б. құралуына ықпал етеді.
Өте жұмсақ сумен де малды суарған кезде, мұндай су мал организмін қажетті тұздар мен қамтамасыз ете алмайды.
Судың жалпы кермектілігі казіргі өлшем бірлігімен моль/дм 3 мг.экв/л және градуспен өлшенеді. 10 кермектікке 1л судағы 10 мг /СаО / кальций тотығы сай келеді, ал 1 мг. Экв-28мг кальций тотығына немесе 2,8 0 кермектікке сәйкес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет