Бақылау сұрақтары: Топырақтың өзіндік тазалану процесіне сипаттама және оның санитарлық-гигиеналық маңызы?
Нитрификация процесінің мәні?
Топырақ сүзіндісін дайындау тәртібі қандай?
Топырақтың реакциясы және ондағы аммиакты , нитритті, нитратты анықтау жолдары.
№11-12 Зертханалық сабақ
Тақырыбы Судың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтау 1. Судың физикалық қасиетін анықтау Сабақтың мақсаты: Судан сынама алуды үйрену және судың физикалық және химиялық құрамын анықтау арқылы бағалау.
Керекті материалдар мен құрал-жабдықтар: батометр, термометрлер (ожаулы, шар тәрізді), төменгі жағында краны бар, қабырғалары сантиметрлерге бөлінген цилиндр, баспа шрифт, диаметрі 1-1,5 см, жуандығы 1-2 мм дөңгелек сақиналы сым темір, плитка, колбалар, пробиркалар.
Сабақтың мазмұны: Су адам мен мал организмдерінің тіршілігі мен қызметін, денсаулығын қалыпты ұстау үшін маңызы зор. Малдың өніміділігіне, фермалар мен комплекстердің санитарлық жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Судан сынама алу үшін арнайы ережелерді қолданамыз. Құдық суынан сынаманы таңертең және кешке 0,5-1 м тереңдіктен, ашық су қоймаларынан осындай тереңдікте су жағасынан 1-2м алыстау жерден батометр құралымен немесе шыны ыдыстармен су құбырынан суды 10-15 мин. ағығаннан кейін тығыз жабылатын таза шыны ыдыспен аламыз.
Толық лабораториялық анализ жасау үшін ең кемінде 5литр су алынады, әрбір сынамаға жылы, айы, күні, алған сағаты, алған орны, алу әдісі, қандай мақсатта, кімнің тапсырмасы екені, сондай-ақ судың физикалық қасиеті жазылған жолдама хаты болуы тиіс.
Температураны анықтау – арнайы термометр арқылы /ожаулы немесе домалақ шар тәріздес термометрлерге 5-6 қабат дәке орайды / судың сынамасын аларда тікелей су көздері басында жүргізіледі.Арнаулы термометр арқылы алынған су сынамасы сыртқы ортаның ауытқымалы температурасының ықпалынан сақтандырады. Термометрді 10-16 мин, кейін судан шығарып термометр көрсеткішін тез арада белгілейді
Ішуге жарайтын судың температурасы:
Ірі мал үшін 10-120 Буаз, ауру мал үшін 12-150 Жасына байланысты жас малдар үшін 10-300