Алколоидтарды анықтау. Алколоидтардың құрамында енгіздер бар, бұлар қышқылдар мен реакцияға түсіп суда ерімейтін еншенді тұздар түзеді.
Керекті құралдар мен аспаптар. 50-250мл колба, таразы, 1% сірке қышқылы, сүзінді қағаз, Бушард ерітіндісі, зат әйнегі.
Анықтау жолы: 1г құрамында алколоиды бар азықты майдалап турап колбаға салады, үстіне 7 мл сірке қышқылын құйып қайнатады, 15минут суытып, араластырады. Ерітіндіні сүзеді, бір-екі фильтратты таза зат әйнегіне тамызып 1-2 тамшы Бушард ертіндісін қосады. Осы кезде қызыл-қоңыр түсті тұнба түзілсе алколоидтың барлығы анықталады.
Биологиялық сынама қою.
Керекті құралдар мен аспаптар: таразы, спирт, плита, эфир, мақта, шприц, бақа.
Анықтау жолы. 50-100г азықты спиртпен экстракциялайды. Спиртті экстрактыны су моншасында беткейінде арнайы сарғыш түске боялған тамшылар пайда болғанша қайнатады. Оның үстіне 1-2 мл эфирды қосып шайқайды. 0,5 мл эфир экстрктысын бақаның тері астына егеді. Егер экстрактыда алколоидтар немесе глюкозидтер немесе глюкозидтер бар болған жағдайда бақаның аяқ – қолдары тырысады.
Зертханалық сабақ №17-18
Тақырыбы Шырынды азықтарды санитариялық-гигиеналық тұрғыдан бағалау
Сүрлем сапасын анықтау үшін төмендегідей зерттеулер жүргізілді. Сүрлемнің орташа сынамасын іріктеу. Шұқырдағы сүрлемнен бірнеше жерден 2 кг шамасында сынама алады, оны тығыз тығындалатын шыны ыдысқа салады.
1. Органолептикалық зерттеу
Сүрлемдік азықты бағалаған кезде оның түсін, иісін, дәмін, құрылымын анықтайды. Сапасы жақсы сүрлемнің түсі сары, жасыл, ашық – қоңыр болады. Бұзылған жарамсыз сүрлем түсі бұлынғыр, көмескі-қоңыр болып келеді. Сапалы сүрлемнің иісі жемістердің, жаңадан піскен қара нанның, нан квасының иісіндей болуы тиіс. Бүлінген сүрлемнің иісі тұрыптың /редька/, шабақ балықтың иісіндей болады. Сапалы сүрлем дәмі сәл қышқыл немесе қышқылт болады, ал бүлінген сүрлем ащы немесе өте қышқыл болады. Консистенция – сапалы сүрлемнің ұсақталған бөлшектері, сүрлемге салынған өсімдіктің құрылымының консистенциясын сақтауы тиіс, сондай-ақ жылпылдақ әрі жұққыш болмағаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |