Судың дәмін анықтау – тек қана сенімді жағдайда, су залалсыз болғанда жүргізіледі. Күдікті болса оны алдын-ала қайнату /5 минут бойына/ қажет, соңынан 20-250 дейін суытады. Судың бактериямен немесе химиялық жолмен биоластанғаннын сезіктенген жағдайда судың дәмін анықтамайды. Судың дәмі мынадай болып келеді: қышқыл, тұзды, сілтілі, ащы-тұзды, тіл үйіретін, тәтті; оның ішінде дәміне қарай: сілтілі, темір дәмді, тіл үйіргіш, хлорлы, металлды, балық дәмді. Судың дәмін білу үшін 15 мл. жуық суды ұрттап, бірнеше секунд ауызда ұстап, оны жұтпастан дәмін анықтайды.Судың дәмін анықтағаннан кейін ауызды әлсіз марганец қышқылды калий ерітіндісімен шайған жөн. Дәмнің интенсивтілігі бес баллдық жүйемен анықталады. Таза су ешқандай бөтен исі жоқ, дәмді болуы қажет.
2. Судың химиялық құрамын анықтау Судың химиялық құрамын гигиеналық тұрғыдан тексеру үшін, мына төмендегі көрсеткіштерді анықтаймыз:
рН реакциясын анықтау.Судың реакциясын әмбебап индикатор қағазы арқылы, Михаэльс компараторы арқылы анықтауға болады.
Судың реакциясын қандай екенін анықтау үшін екі пробиркаға тілінген қызыл және көк лакмус қағаздарын салады. 5 минут өткен соң оларды осындай қағаздармен тазаланған суға салып салыстырады. Қызыл қағаздың көгеруі сілтінің рекциясын, ал көк қағаздың қызыл түске боялуы қышқылдығын көрсетеді, ал түсі өзгермесе бейтарап екендігін көрсетеді.
рН-тың мөлшерін Михалэс компораторының көмігімен анықтауға болады. Ол үшін пробиркаға 6 мл зерттелетін су құямыз да оған 1 мл универсалды индикаторды қосамыз. Сынаманы мұқият салыстырамыз да рН белгілейміз. Жақсы су бейтарап немесе әлсіз сілтілі реакциялы болуы керек (рН 6,0-9,0).
Аммиакты анықтау. Суда альбумоидты (белокты) және минерал текті аммиак кездеседі. Органикалық аммиак малды уландыруға ұшыратады. NН3-ты лабораторияда және далалық жағдайда да анықтай беруге болады.
Судағы NН3 –тың бар-жоғын анықтау үшін пробиркаға 10 мл зерттелетін суды құйып, 6 тамшы сегнетті тұздың 50 пайызды ерітіндісін , 6 тамшы Несслер ерітіндісін қосадыда, сынаманы мұқият араластырады. Судың сарғыш түске боялуы аммиактың барын көрсетеді. 10 минут өткен соң, колориметриялық таблицаны пайдалана отырып сынаманың түсінің өзгеруіне қарай 1 л судағы аммиактың (мг/л) мөлшерін анықтауға болады.