Дістемелік кешені



бет91/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114
Сабақтың мазмұны:
Дәнді-дақылдың және ұнтақты азықтың сапалылығын органолеп-тикалык және лабораториялык тұрғыдан анықтайды.
Ораганолептикалық зерттеу
Түсі - жас сұлы, арпа, жүгері дәнінің өзіндік жылтыр түсі болады. Азық дәндерінің жылтыры жоқ, күлгін түсті, қара дақтарының болуы, оларды жинау мезгілі мен сақтау жағдайларының бүзылуына байланысты.
Исі - қалыпты әрі іріктелген дәннің өзіне тән жұпар исі болады, ал сапасы төмен дәннің шірік исі болады.
Дәмі - жас дәннің сүт татыған тәттілеу дәмі болады және дәмін татқан кезде ауызда иленіп қамырға айналады. Ал бүлінген, ескі, көгерген дәннің дәмі ащылау немесе ащы болады.
Ылғалдығы - құрғақ дәннің ылғалдылығы 15 процент, орташа - 17 процент, ал дымқыл дәндегі ылғал 20 процент болады.
Астықты дәннің нақты салмағын анықтау. Дәнді азықтың жұғымдылығын 1000 дәннің граммен алғандағы нақты салмағын анықтайды. Сұлының таңдаулы сортының нақты салмағы 33 г орташа -28,5 г, осыған сәйкес арпанікі 44-30 - 23,6 г болады. Дәннің нақтты салмағын анықтау үшін қатарынан 300 дән санап алып оны өлшейді алынған салмақты 10-ге көбейтіп, 3-ке бөледі.
Дәннің балаусалығын анықтау. Дән бұзылған жағдайда бос қышқыл пайда болып, органикалық заттар ыдырайды. Дән неғұрлым көп бүлінген сайын оңдағы бос қышқылдар көп болады (сірке қышқылы, майлы, қымыздық қышңьшдар амин қышқылдары). Дәннің қшқылдылығы градуспен белгіленеді. Бір градус қышқылдылық 100 грамм дәннің қышқылын бейтараптауға кеткен 0,1 нормальды сілтінің I мл ерітіндісіне тең.
Дәннің қышқылдылығын бағалаудың мына төмеңдегідей шектері белгіленген: 3,50-4,6° - бүліну процесінің басталуы; 5,5°-сақтауға қауіпті; 9,5°- бүлінген дән, бұл дәннен құны төмен малдарды және өте аз мөлшерде азықтандырған жөн.
Анықтау жолы: 5 г дәнді алып, келіге мұқият түйеді. Сыйымдылығы 200 мл колбаға 40 мл дистилді су құйып жармаланған дәңді салып, 2-3 минуттай мүқият шайқайды да шыны таяқшамен пайда болған түйіршіктерді майдалайды. Қабырғаларына жұққан бөлшектерін таза сумен шаяды. Осы қоспаға фенолфталеиннің I% ерітіндісінің 5 тамшысын қосып NAOH немесе КОН-тың 1 % ерітіңдісімен қызғылт түс пайда болғанша титрлейді.
Х = А х 20 : 10,
NAOH немесе К ОН-ның жұмсалған миллилитр ерітіндісінің мөлшері
/А/ 20-ға көбейтіледі, өйткені небары 5 г дән алынған болатын; көбейтіндіні 10-ға бөледі, оның себебі титрлеген кезде 0,1 проценттік сілті ерітіндісі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет