Сүрлемнің жалпы қышқылдылығын анықтау Құралдар мен ыдыстар: 250 мл колба, тамыызғыштар , бюретка штатив.
Реактивтер: 1% фенолфталеиннің спирттегі ертіндісі, 0,1н аОН ертіндісі.
Колбаға 100 мл сүзінді құйып, оған 1% фенолфталеиннің спирттегі ертіндісісінің, 1-2 тамшысын қосып оны солғын қызыл түрге боялғанша 0,1н аОН ертіндісмен титрлейді. Сүрлемнің қышқылдылығын градуспен белгілейді, сүрлемге салынған азықтың 100 грамынан алынған сүзінді суды нейтрализациялауға жұмсалған 0,1 поценттік сілті ертіндісінің әрбір 1 мл бір градусқа санайды. Жақсы сүрлемнің жалпы қышқылдылығы 260 төңірегінде болуы тиі. Жақсы сүрленген азықта 2-3 процент еркін қышқыл болса, оның 2/3 бөлігі сүт қышқылы мен 1/3 бөлігі сірке қышқылы болып табылады.
Сүрлемдегі аммиактың қоспаларын анықтау.
Құралдар мен ыдыстар: пробиркалар, штативтер, тамызғыштар.
Реактивтер: Несслер реактиві.
10мл сүзінді алып, оған Несслер реактивінің 3-5 тамшысын қосады. Ашық сара немесе қызғылыт сары түс пайда болса, онда аммиак қоспасының бар екендігін, ал қызыл кірпіш түсті түнбалар бөлінсе оның едәуір көп екендігін білдіреді.
Егер сүрлеген азық дайындау барысында немесе сақтау барысында малдың нәсжісімен, садырамен былғынса, онда одан алынған сүзінді судың құрамында хлорид және сульфат болуы мүкін.
Қант қызылшасындағы нитритті анықтау Құралдар мен ыдыстар:сағаттық шыны немесе петри шынаяғы, шыны таяқшалар, тамызғыштар.
Реактивтер: дефиниламин кристалдары, күкірт қышқылы (конц)
Қызылшамен уланудың себебі: буланған немесе қайнатылған қызылша 5-6 сағ соң улы қызылшаға айналады. Оның улылығы бірте-бірте арта, түсіп 12 сағ кейін нағыз күшіне енеді.
Нитриттің бар жоғын анықтау. Жаңадан дайындалған қызылша тілігінің үстіне дифениламиннің бірнеше кристалын қойып, шыны таяқшалардыңкөмегімен күкірт қышқылының бірнеше тамшысымен ылғалдндырады. Егер қызылша тілігінің етінде анық көк түс пайда болса, аз мөлшерде болғаны, ал егер бояу көрінбесе шамалы ғана болғаны.