Дістемелік кешені


Лекция 7. Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі, субьектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторлары



бет29/76
Дата08.11.2022
өлшемі404,93 Kb.
#48438
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Байланысты:
pedagogika

Лекция 7. Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі, субьектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторлары.
7.1.Тұлға адам, индивид, даралық ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға қалыптасуындағы тұжырымдамаларға сипаттама.
7.2.Тұлғаның қалыптасуындағы және дамуындағы факторлар.
7.3.Жеке тұлға дамуының жас ерекшеліктеріне сипаттама және оның табиғи әлеуеті.
Ғылыми материалистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс-әрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн:
1) Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы, темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі.
2) Психикалық процесс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б.
3) Тәжірибенің өрістеуі – дағды, білік, әдет.
4) Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта-ықылас.
Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байланысты тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе. Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең ашып, өзінің оған деген қарым-қатынасын белгілеуге жол ашады. Сонымен, адамның жалпы дамуына өзара екі бағыт –биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Тұлғаның дамуына ықпалды әсер ететін факторлар және оның қозғаушы күштері жөнінде ғалымдар арасында пікірталас жетерлік.Оның ішінде екі салаға назар аударған жөн: Тұлғаның дамуы биологиялық, табиғи, тұқым қуалау факторларына байланысты деп санайтын биологизаторлық көзқарасты ұстанушылар. Ал екінші саладағы тұлғаның дамуындағы басты фактор әлеуметтік (социологизаторский) жағдай деп санайтындар. Бұлардың пайымдауынша тұлғаның дамуын шыққан тегі мен ортасына байланысты, балаға білім бергенде осы ерекшелікті ескере отырып топтастыру керек деген бағдарды ұстанады.Осыған байланысты кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарында педология деген ғылым болды да, бірақ кейіннен тоқтатылды.
Қазіргі кезеңдегі педагогика тұлғаның дамуына ықпал ететін екі факторды – биологиялық және әлеуметтік жүйені бірлікте қарайды. Биологиялық тұрғыдан келгенде тұқым қуалау жағы, ал әлеуметтік тұрғыдан отбасы, әлеуметтік және қоғамдық жағдай ескеріледі. Әрине, бұл екі фактор тепе-тең деген түсінік болмау керек. Өйткені тұлғаның табиғи болмысындағы нышандар, оның даму мүмкіндіктері өзінен өзі шешіле салмайды. Қалай болғанда да балаға тәрбие берудің рөлі зор екендігін педагогика ғылымы айқындап та, жан-жақты дәлелдеп те отыр. Тәрбиенің жүзеге асып, баланың бойына дарытудағы басты фактор – оқыту мен білім беру екені белгілі.
Тұлғаның дамуындағы ішкі факторларға байланысты белсенділікке, былайша айтқанда, іс-әрекеті, еркі, қызығушылығы, сезімі, қабілетіне мән беру керек. Осы орайдан тәрбиелей отырып оқыту, оқыта отырып тәрбиелеу деген қағида өріс алған. Демек, көрсетіліп отырған ішкі факторлармен біріккен нәтижесінде тұлға дамып, өркен жаяды. Тәлімгерлік жасаушы адам алдымен тұлғаның жас ерекшелігіне, дербес өзгешелігіне, психологиялық болмысындағы сипатына зейін қойып, тәрбие мен білім берудің мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін нақты жағдайға үйлесімді басшылық жасай білсе, оның нәтижесі айтарлықтай, жоғары деңгейде болады.
Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде. Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер жатады. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орын алады.
“Жеке тұлға” деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерін зерттей отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән бейімділіктердің дамуы үшін адами қоғам, әлеуметтік орта қажет дейді.
“Әлеуметтік орта” - қоғамдық өмірдің материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологияның өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, көшіп-қону және демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.б. жатады. Географиялық орта жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше рөл атқарады.
Отбасы ортасының – баланың ең жақын айналасының аса зор маңызы бар.Қоғамдық мекемелерде білім беру-тәрбиелік процестерді ұйымдастырғанда мұғалімдер мен тәрбиешілер балаға кең әлеуметтік ортамен қатар, мектептен тыс ең жақын айналасының әсерін ескерулері тиіс, өйткені кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсіресе жасөспірімдерге белгілі бір мөлшерде әсер ететін жағымсыз топтар пайда болуы мүмкін. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмірінің әртүрлі саласына белсенді әлеуметтік іс-әрекетке араластыру қажеттілігі туындайтынын ескеру керек. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі, түрлі әлеуметтік рөлдерге ие болуы жоқ.
Білім алу іс-әрекеті бала үшін маңызды әрекет – бұл оның өзіне деген рефлексиясы, қол жеткен жетістіктері мен өзгерістерді қадағалай алуы. Баланың субъекті бола алуы, оның оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кіріскенін білдіреді.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгерсе де, психологиясы мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті - ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті дамуды қажет етеді. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аз болуы ескеріледі.
Мектептегі баланың алдына оқу іс-әрекетін орындау шарттары қойылса, ол оның оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне мүмкіндік береді немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады. Сонан мектепте оқуды ұнатпау сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Өмірде білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.Оқу іс-әрекетінің ойыннан ерекше екендігін бала түсінуі керек, сонда ғана ол оқуға ынтамен, шын көңілмен назар аударады. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын ажыратса да, оқу тапсырмаларына қалайда орындауы керектігін білуі тиіс.
Ойын барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналасып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсініп, саналы ойнайтын болады. Ойын арқылы бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік, жалпы адамгершілік сезімі жетіліп, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Тәрбиеде әр балаға жеке қарау – бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Оқушыға әр уақытта және барлық қарым-қатынастарда жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ - жеке тұлғаның қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардың бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет