Программалау технологиясы
Программалау технологиясы – бұл программалауды дайындаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы және осы әдістер мен тәсілдерді қолданудың тәртібі. Программалаудың дамуының бастапқы кезеңдерінде, машина командаларының реттілік түрінде жазылғанда, ешқандай программалау технологиясы болмаған. Технологияны дайындаудың алғашқы қадамы программаларды операторлардың реттілігі түрінде көрсетуден тұрған. Машиналық командаларды реттілікпен жазу – операторлардың реттілігін және олардың арасындағы өтуді көрсететін операторлық схемаларды жасауды алдын ала болғызды. Операторлық тәсіл программа құраушы деп аталатын программаны жасауды автоматтандыру үшін алғашқы программаларды дайындауға мүмкіндік жасады.
Программалардың көлемдері үлкейген сайын олардың жекеленген бөліктері белгіліне бастады және оларды қосалқы программалар(подпрограммалар) деп атады. Осы қосалқы программалаудың бөлігі библиотекаға (қорға) жиналып, одан қосалқы программаларды жұмыс программаларына енгізеді де, содан соң оларды жұмыс программаларынан шақырады. Бұл процедуралық программалаудың басталуына жол салды, бұнда үлкен программа процедуралық қосалқы программалардың жиынтығынан тұрады. Қосалқы программалардың біреуі басты болып табылады да, содан программаның орындауы басталады.
21
1958 жылы алғашқы программалау тілдері дайындалды: Фортран және Алгол58. Фортранда программа басты программадан және кейбір мөлшерде процедуралық қосалқы программалардан және фунциялардан тұрды. Алгол58 программасы және оның кейінгі версиясы Алгол60 біртұтас бүтін түрде болды, бірақ негізгі блок және қосалқы программалар мен функциялар құрылған блоктары енгізілген блоктың құрылымнан тұрды. Фортран үшін компиляторлар процедураларды бөлектеп трансляциялауға қамтамасыз етті және оларды одан әрі қарай ж ұмыс программаларына біріктірді, Алголдың бірінші компиляторлары бірден барлықпрограммалардытрансляцияжасауғашамаланып,процедураларды бөлек трансляциялау қамтамасыз етілмеді.
Достарыңызбен бөлісу: |