Студент білімін бағалау жүйесі
Студенттер білімін аағымдағы бақылау ісі сабақтарды сұрау, өткен тақырыптардан тест өткізу, бақылау жұмыстарын өткізу арқылы жүргізіледі. Оның мақсаты – студенттердің теориялық материалдарды түсінуі мен оларды игеруін жүйелік түрде тексеру, практикалық есептерді шығаруда теорияны пайдалана алуларын бақылау болып саналады.
Межелік бақылау күндіз оқитын студенттер үшін екі рет: 7-ші және 15-ші апталарда, сырттан оқитындар үшін сессия кезінде – 1 рет қана өткізіледі. Оның мақсаты – өткен материалдардың игерілу деңгейін анықтау.
Кредиттік технология бойынша студенттер білімін тексерудің ағымдағы және межелік бақылау нәтижелері қорытынды бағаның 60%-ын құрайды.
Соңғы бақылау емтихан түрінде өткізіледі де, ол қорытынды бағаның 40%-ын құрайды.
18
Оқытылатын пән саясаты
Пәнді игеру күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес атқарылады.
Сабаққа қатысу міндетті болып саналады. Әрбір жіберілген сабақ үшін баллдар саны кемітіледі.
Тәжірибелік жұмыстар мен өзіндік жұмыстарды орындауға әрбір студент белсене қатысуы тиіс, ол үшін қосымша баллдар қойылады.
Студенттердің жеке жұмыстарды орындауы керекті тақырыпты олардың өздерінің оқып игеруін қамтамасыз етеді деп саналады, ондай жұмыстарға өткен тақырыптың қысқаша конспектісін жазу, жағдайға байланысты есептер шығару, үй жұмыстарын орындау, т.б. жатады. Тапсырмаларды дер кезінде және жеке орындау қажет етіледі, оның әрқайсысына қосымша балл тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |