Объектіге бағытталған ойлау
Объектіге бағытталған программалау (ОБП) 90-шы жылдардағы программалудың негізгі әдістанымы. Ол 25 жылдық тәжірибенің өнімі болып табылады және оған бірнеше тілдер кіреді: Simula 67, Smalltalk, Lisp, Clu, Actor, Eiffel, Objective C, C++, Java.
Бұл программалаудың стилі, ол нақты заттарды белгілі бір әдіспен белгілегенде, оның жүзеге асыру әдістері жасырын жағдайда болады.
ОБП – бұл бар тілдерге қосылған кейбір қасиеттердің жай жиынтығы емес. Бұл есептерді ойлауды және программалаумен қамтамасыз етуді дайындаудың жаңа қадамы. Басқа парадигмдер: директивтік (құрылымдық программалау –Паскаль, С), логикалық – Пролог, функционалды – Lisp, Effel.
Программадағы парадигмдер есептеуді қалай жүргізуді, компьютермен орындалатын жұмыстардың қалай құрылымдалуын және ұйымдастыруын анықтайды. Жиі информатиканы жаңа бастағандар тәжірибелі профессионалдарға қарағанда парадигманы өте жақсы меңгереді, өйткені есептерді шешудің бұл тәсілі табиғи қабылдауға жақындау болады. Әдеттегі өмір жағдайын қарастырайық. Мысалы, сізге басқа қалада тұратын туысқаныңызды туған күнімен құттықтауды хабарлауыңыз керек. Ол үшін сіз поштаға барасыз да, телеграмма жібересіз. Сіз операторға бір мекен–жайға бір мәтінді жіберуіңізді сұрайсыз. Сіздің құттықтауыңыздың керекті мекен–жайға баратынана сіз сенімдісіз.
№2 лекция. Программалауда объектіге бағытталған тәсілдің мәні: ОБП-ның сипаттамасы;Объектіге бағытталған тәсілдің принциптер және негізгі идеялары.Жаттығулар.
Барлығы объект боп табылады. Әр объект нақты міндетке жауапты болады.
Есептеу объектілердің арасында өзара әрекеттесу (деректермен алмасу) жолымен жүзеге асырылады, бұнда бір объект екінші объектіге кейбір әрекеттерді орындауды талап етеді. Объектілер хабарды беру және алу арқылы бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Хабарлар - бұл аргументтер жиынтығымен толықтырылған әрекетті орындауға сұрам, олар әрекетті орындауға қажет болады.
Әр объектінің тәуелсіз жадысы болады, ол басқа объектілерден тұрады.
Әр объект объектілердің жалпы қасиеттерін білдіретін кластардың өкілдері болып табылады.
Класта объектінің бет-алысы (функционалдылық) беріледі. Осылайша бір кластың экземплярлары болып табылатын барлық объектілер бірдей эрекеттерді орындауы мүмкін, яғни бірдей сұраныстарға бірдей жауап береді.
Объект өзінің бет-алысын әдіс шақырған хабарға жауап беру арқылы білдіреді. Хабардың интерпретациясы объектіге байланысты болады және объектілердің әр түрлі кластары үшін әр түрлі болады.
Кластар жалпы тамыры бар тұтас ағаш тәрізді құрылыммен ұйымдастырылған. Жады және бет-алысы белгілі кластың экземплярларымен байланысты, иерархиялық ағаштың төменінде орналасқан кез–келген класқа автоматты түрде ашық.
22
Достарыңызбен бөлісу: |