Студенттер білімін бағалау критерийлері
Білім берудің кредиттік технологиясына сәйкес қорытынды бағаны анықтауда: 60% - білімді ағымдағы бақылауға 40% - қорытынды емтиханға беріледі.
Білімді бақылаудың баллдық жүйесі бойынша студент бір семестрде ең жоғары деңгейде: 100 балл – 100% ала алады.
19
Алматинская академия экономики и статистики
Кафедра «Информатика»
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
«Объектіге бағытталған программалау» пәні бойынша
«050602 – Информатика» мамандығы үшін
Алматы, 2014
20
№1лекция. Кіріспе. Объектіге бағытталған программалау(ОБП). Программалауда объектіге бағытталған тәсілдің мәні: программалау технологиясы; объектіге бағытталған ойлау.
Психологтар адамның бір мезгілде ондаған бірліктің аумағымен бірдей ақпаратты қабылдай алатынын бұрыннан көрсеткен. Сөйтіп, программалық қамтамасыз етуді дайындағанда программистке көрінетін компоненттерінің санын кішірейтуге талап қойылады. Адамзат бірнеше өте тиімді декомпозиция жолдарын, яғни үлкен есептерді шағын есептерге бөлуді ойлап шығарған. Модульдік тәсіл көптен бері қолданылып келеді, онда үлкен программалар бөлек дербес модульдерге бөлінеді. Программалар көптен бері "жоғарыдан-төмен" және құрылымдық декомпозицияны қолдану арқылы жасалынады. Осы тәсілге негізделген әдістердің ортақ сипаты болады: олардың ішінде деректер және оларды өңдейтін код бір-бірінен бөлек тұрады.
Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде объектіге бағытталған деп аталатын тәсіл (ОБТ) зерттеліп дайындалған және сынақтан өткен (1967 жылы - Simula67 тілі, ал 1983 жылы - C++ тілі). ОБТ-ның программалық жүйелерінде құрудың бұрынғы әдістерінен негізгі артықшылығы - деректердің және олармен бірге істейтін кодтардың тығыз байланыста болуьг.
Объектіге бағытталған тәсіл келесі күрделі проблемаларды жеңіл шешуге көмектеседі:
программалық жабдықтаудың күрделілігін азайту;
программалық жабдықтаудың жеке компоненттерінқайтадан пайдалануға мүмкіншілікті қамтамасыз ету.
Объектіге бағытталған тәсілді жүйелі қолдану жақсы құрылымдалынған, пайдалануда сенімді, жақсы модификацияланатын программалық жүйелерді дайындауға мүмкіндік жасады. Объектіге бағытталған тәсілге және объектіге бағытталған программалаудың тілдеріне программистердің қызығушылығы осылай түсіндіріледі. Объектіге бағытталған тәсіл теориялық және қолданбалы программалаудың ең қарқынды дамыған бағыттарының бірі болып табылады.
Берілген оқу құралы қолданбалы программалық жүйелерді дайындауға және іске асыруға арналған объектіге бағытталған тәсілдің негізгі түсініктерін сипаттайды, C++ тілінің аппаратын қолдану арқылы интегралданатын ортада толық тіркемелерді жасау үшін жеткілікті білім береді.
Достарыңызбен бөлісу: |