1. Сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру формалары: пәндік үйірмелер, олимпиадалар, байқаулар, ғылыми жобалар және т.б.
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б. Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді. Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарымқатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады. Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдыналаболжамғакелебермейтінкүрделілігіменкөптараптылығында. Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады: дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері: - жаңа білім материалын хабарлау; - білімді бекіту; - ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту; - қорытындылау; - білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы. Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері: - оқу саяхаттары; - кино-теле-сабақтар; - өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б. Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері: - жаңа материалды игеру; - бекіту; - қайталау; - білімді бақылау, тексеру. Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған. Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні – дəрісбаян (лекция). Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады. Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне шолу- түрлерімен ажыралады. Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері төмендегідей: - ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі; - проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты; - көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі; - бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) – оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы; - шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат – оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі; - дəрісбаян –конференция – ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды; - Кеңес дəрісбаяндар «сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы; - Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дəріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады. Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша: - жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары ажыралады; - мазмұны бойынша; академиялық жəне ғылыми көпшілік дəрісбаяндары белгілі; - ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дəрісбаяндар қолданылуда. Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды – бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні – мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі. Мұндай дəрістердің негізгі дидактикалық мақсаттары - өтілген теориялық материалдардың эксперименталды негіздемесіне көз жеткізу; эксперимент техникасын меңгерту; тəжірибелер өткізу арқылы оқу-тұрмыстық міндеттерді шешу ептіліктерін қалыптастыру; əрқилы оқу жабдықтары мен техникалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру. Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген теориялық материалдар игерімін бақылау, қадағалау үшін қолданылады. Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді. Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей: - негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру; - қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру; - мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту; Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас болуы мүмкін. Оқу саяхаттары -əрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы. Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік , табиғат тану, өлке тану, əдеби, жағрапиялық жəне т.б. болып ажыралады. Білімдену мақсаттарына тəуелді тақырыптық жəне шолу саяхаттары жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пəндерінің өзара байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика жəне химия, биология жəне география). Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі мүмкін. Оқу бағдарламасындағы орнына орай саяхаттар кіріспе, ағымды, қорытынды ретінде ұйымдастырылады. Қалаған саяхат жалпы оқу жүйесінің маңызға ие сипатты бөлігі ретінде пайдаланылғаны жөн. Саяхаттық оқу формасының дамыған түрі – бұл экспедиция – экологиялық жағдайлармен таныуға , тарихи деректер, жəне ауызекі əдебиет материалдарын жинауға бағышталған оқу жорықтары. Курстық (жоба) жұмыс –оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың ісəрекет аймағымен байланысқан өндіріс-техникалық не басқа міндет, мəселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |