Дістемелік кешені



бет29/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Орфографиялық сөздіктер. Емле (орфография) бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылу нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат – ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу.Сол үшін емле ережелері де жалпыға бірдей әрі тұрақты, анық болуға тиіс. Сондықтан емле ережелерін тұрақтандыру – сауатты жазудың бірден-бір кепілі деп танылады.Сөздіктер дүркін-дүркін өзгеріп, жаңарып отырды. Соның негізінде әр кезде ірілі-уақты “Орфографиялық сөздіктер” жарық көріп отырды. Алғашқы сөздіктер негізінде мектеп деңгейінен аса алмады. Неғұрлым көлемді “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі” 1963 жылы, одан кейін толықтырылып, 1988 жылы басылып шықты.
Р.Сыздықованың “Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағышы” 1960, 1974 және 2000 жылдары басылды. Бұл еңбектің баспа қызметкерлері мен мұғалімдер үшін елеулі мәні болды.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 4], 3. [1.7: 13], 4. [1.7: 15].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 8].

7 дәріс тақырыбы: Сөзжасам. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне кіріспе. Сөзжасам жүйесінің проблемалары. Сөзжасам жүйесінің негізгі тәсілдері. Морфемалар. Жалаң сөз. Күрделі сөз және оның түрлері. Сөзжасамға қатысты ұғымдардың бастауыш сынып бағдарламасы мен «Қазақ тілі» оқулықтарында берілу жайы.


1 сағат. 7-апта
Дәріс тезисі: Сөзжасам – өз алдына зерттеу нысаны бар тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам нысанына сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады. Бір сөзбен айтқанда, сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.
Тілдің жүйесіне лайық қалыптасқан белгілі-белгілі тәсілдер бойынша сөз жасау амалдарын сөз тудыру тәсілдері деп атаймыз. Сөз тудыру дегеніміз – жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жиынтығы. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар:
1. Синтетикалық тәсіл
2. Аналитикалық тәсіл
3. Лексика-семантикалық тәсіл.
Сөзжасам үдерісінде олар таза күйінде келе бермейді, кейде керісінше бұл тәсілдердің бірнешеуі қатар қолданылып отырады. Қайткен күнде де мәселе жаңа мағынамен байланысты болғандықтан, онда семантикалық сипат болып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет