Дістемелік кешені



бет82/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп, түр-түріне ажыратыңыз.
Жастар болса ештеңе ойлап та жатқан жоқ. Олардың басында бір-ақ сезім бар еді. Ол – өздерінің шексіз бақытты екендіктерін сезіну. Сол бақытты да уайымсыз жарқын өмірінің салтанат құруына мейірімді әкелер білдірмей сәуле шашып тұрғанын олар әзірге байқаған жоқ. Және өздері үлкен үйдің бұрышынан кішкене бір жаңа шаңырақ көтеруі арқылы әкелердің жанына жаңа дүние орнатып, олардың арасына жарастықты шынайы достықтың нәзік отын тұтандырып отырғанын да олар байқамады (Д.И.).
2-тапсырма. Буын үндестігіне көңіл аударыңыз.
“Шұға десе, Шұға! Шұға, ой, шіркіннің өзі де келбетті-ақ еді… ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы үріп ауызға салғандай еді! Ажары қандай болса, ақылы да сондай! Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін… Бұл біреу болса, соны көтере алмайды да, білмейсің, ешкімге ұқсап, шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой… Иә...” (Б.М).
3-тапсырма. Дыбыс үндестігі түрлеріне талдаңыз.
Балықшылар – бір тайпа ел; шетінен сіңірі шыққан кедей, қарға адым жерге аударылып қона алмай, қысы-жазы жер қазбалары жар басында жарбиып тұратын шерменде (Ә.Н.). Қысқы қоныстан ұзай алмайтын бірен-саран жатақтар әр жерде моладай шошайып тұрған қараша үйлерін көз ілескенше жығып алып, көше жөнелуге әзірленіп қалды (Ғ.М.).
Қартқожанның шешесі де бір түрлі момын, біртоға жан. Күйбеңдеп шаруасын істеп, балаларының үсті басын бүтіндеп, анаған да, мынаған да: "Қарағым, шырағым!" дегеннен басқа, бар дәмін кісіге бергеннен басқа бөтен мінезі жоқ. Кей қатын аузы сүйреңдеп, өсек айтады; енді біреулер ауылды басына көтеріп, шаңқылдап баласын, байын қарғап жатады. Ондайдың бірімен ісі бола ма екен?! Жо-жо-жоқ, Қайта сондайды естігенде: "Беу, осы байғұстың тілінің жаманы-ай!" – деп, тыжырынып жаратпайтын еді… (Ж. А.).
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2], 3. [1.7: 10].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 3], 2. [1.7: 8].

4 БАОӨЖ СОӨЖ тақырыбы: Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет