Дістемелік кешені



бет22/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Заманауи түсінік
Бүгінгі күні сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар:

  • оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

  • оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;

  • оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;

  • мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары аз болады. Зерттеу көрсетіп отырғандай, мұғалімнің еркіндік бермей, сыныптағы сұхбатты бақылап отыратын қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.
Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.
Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда саламатты келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс істеуіне және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтерге қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың білімді құру құралы ретінде тілді қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибеден өткізуіне жол ашады.
Александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:

  • әңгіме-дебат;

  • кумулятивтік әңгіме;

  • зерттеушілік әңгіме.




Әңгіме-дебат барысында:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімін жақтайды;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай»,
«Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4) жұмыс ортасы әріптестікке қарағанда көбіне бәсекелестікке бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет