Дістемелік кешені



бет20/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
umkd - koa - inf-21-21

Мұғалімдер үшін маңызы
Мұғалімдер дарынды және талантты балаларды қалай анықтайды?
Оқушылардың оқу үлгерімі артқан сайын, олардың академиялық жетістіктері ресми тіркеліп, баланың таланттарын көрсететін портфолиоға қосылуы мүмкін. Оқыту және оқу тәжірибесінде белгілі бір жастағы балалардан көріне бермейтін ойлаудың барынша толысқан түрі кездеседі, немесе күнделікті оқу жағдайында қолданылмайтын, әдетте оқудан тыс кездері көрініс табатын, назар аударуды талап ететін оқушының зияткерліккерлік дарыны, жоғары әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері кездеседі. Оқушының дарындылық және таланттылық ауқымын анықтауға көмектесу үшін баланың мінез-құлқының сипаттамалары енгізілген бақылау үлгілері жасалады.
Фриман (1998) төменде көрсетілген, ғылыми негізделген критерийлерді дарынды және талантты балаларды анықтауда оңтайлы қолдануға болады деп санайды:
- олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
- олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;
- олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;
- олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
- олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
- басқаларға қарағанда олардың тәртібі жақсы;
- қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойындар мен тапсырмаларға ұмтылады;
- ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;
- олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.
Мұғалімдер өз сыныптарындағы дарынды және талантты балаларды анықтай алмауы мүмкін болғандықтан, оларға жоғарыда аталған белгілерді анықтау үшін оқу барысында оқушыларды мұқият бақылау қажет.
Мұғалімдерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауда қалай көмектесуге болады?
Америка Құрама Штаттарының Білім беру саласындағы зерттеу және жетілдіру кеңсесі (1993) мектептерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:
- талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу;
- мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей мүмкіндік ұсыну;
- оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті жетістіктерін анықтау;
- ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану;
- уәждеуді оқушылардың жетістігі үшін ерекше маңызы бар қозғаушы күш деп бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет