Дістемелік кешені



бет21/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
umkd - koa - inf-21-21

Экстернат
Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасаудың тағы бір оңтайлы нысаны экстернат болып табылады. Бұл оқушыларға оқу жоспарын тез әрі шұғыл игеруге мүмкіндік береді.
Ренцулли мен Райс (1985) дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру бойын ша қызметтің өзара байланысты үш кезеңдерінің негізінде модель жасап шығарды:
Бірінші кезең – жалпы зерттеу жаттығулар (жетілдіру, байыту);
Екінші кезең – топтық оқу жаттығулары (үдеріс);
Үшінші кезең – нақты проблемаларды жеке және шағын топтарда зерттеу (нәтиже).
Қорытынды
Қазіргі уақытта дарынды және талантты балаларды анықтауда бір аспектінің аясында (мысалы, жоғары IQ) қарастырудан бас тартып, көп аспектілік тұрғысынан қарастыру үрдісі қалыптасқанын жоғарыда айттық. Ол баланың ерекше қабілеттерін кең ауқымда қарастыруды көздейді. Баланың бойында белгілі бір қабілеттер мен қасиеттердің бар екенін көрсететін мәдени құндылықтар дарындылық пен таланттың кез келген тұжырымдамасының маңызды бөлшегі болып табылады.
Әлеуметтік, эмоционалдық және ынталандыру факторлары дарындылық пен таланттың маңызды аспектілері деп қарастырылады.
Оқуға қызығушылық және тілдік дағды сияқты мінез-құлық сипаттамалары, сондай-ақ абстрактілі ойлау дағдылары, білімнің жоғары деңгейі, білімге құштарлық пен ынта дарынды және талантты оқушыларды табуда өте пайдалы болмақ.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет.
Оқушылардың әлеуетін дамыту мақсатында терең зерттеулер жүргізу үшін олар жобаларға тартылуы немесе оларға зияткерлік тапсырмалар көптеп берілуі керек.
Қабілеттілік әлеуетін іске асыруда оқушыларға құзырлы көмек көрсету үшін мұғалімдерге бай әрі көп аспектілі тәжірибе қажет.


Дәріс №9.
Әңгімелесу және диалогтік оқыту

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалогты сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған авторлардың зерттеулерінде достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған. «Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдістерін «диалогтік оқыту» деп атауға болады.


1934 жылы Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екендігін айтқан. Выготский кіші жастағы балалардың танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, қабілетті оқушылармен араласу және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы қалыптасатынын атап өткен.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдерімен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болды.
Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың тек мұғалімді тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысында диалог негізгі рөл атқаратынын баяндады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет