Дістемелік кешені


Дәріс №8. Талантты және дарынды балаларды оқыту



бет18/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
umkd - koa - inf-21-21

Дәріс №8.
Талантты және дарынды балаларды оқыту

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе.


Тарихи шолу
Соңғы отыз жылда «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар бірқатар өзгеріске ұшырады.
Кейінгі кезде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екендігін алға тартып, оларды саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылықты зияткерліктің немесе қабілеттің жоғары деңгейімен, ал талантты – музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе спорт және т.б. салалардағы жоғарғы деңгеймен байланыстырады. Кейбір зерттеушілер бұл екі ұғымды жеке қарастыру маңызды деп санаған, өйткені дарындылық қанша дегенмен, олардың пікірінше, қабілеттілікке (зияткерлікке, шығармашылыққа, әлеуметтік, аффектілік және т.б.) жатады, ал талант түрлі саладағы айтулы жетістіктер (ғылыми, техникалық, көркем, жеке тұлғалық, спорттық және т.с.с.) болып саналады. Талантты кейде кемеліне жету және ұлы жетістіктермен байланыстырады, бірақ кейде ол құзыретті субъектілердің аз ғана бөлігіне тиесілі болып қалады.
Дарынды және талантты оқушылар ерекше қажеттіліктері бар балалар ретінде зерттелуі тиіс екендігін мойындаумен қатар, «дарынды» және «талантты» деген санаттарды анықтауда бір аспектіліктен көп аспектілікке қарай ауысу орын алды. Дарындылар мен таланттылардың бір аспектілік тұрғыдан қарастыратын анықтамасы бір ғана критерийге негізделеді – зияткерліккерлік деңгейі және оның IQ балдары негізінде анықталуы. Әдетте, мұндай тәсіл оқушылардың жалпы санынан дарындылық пен таланттың ең жоғары көрсеткішіне дейін анықтай алмайды. Ал көп аспектілі тұрғыдан қарастыратын анықтамалар көптеген критерийлерге негізделеді және кешенді тәсіл қолданады, бұл ерекше қабілетті оқушылардың жалпы санынан анағұрлым жоғары көрсеткіштерді анықтай алады. Қазіргі кезде беріліп жүрген анықтамалар оқушылардың кез келген пайызын дарынды немесе талантты деп бөлуден қашқақтайды, өйткені осы түсініктерге байланысты өлшемдерді түсінуде әр мектептің ұстанымы әртүрлі.
Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады:

  • ортадан жоғары қабілетінің болуы;

  • тапсырмаларды орындауда жоғары деңгейдегі уәжділік;

  • жоғары деңгейдегі шығармашылық.

Ренцулли мен Райс (1985) «дарынды және талантты балалар күрделі қабілет иелері, әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім» деген пікір білдіреді. Олар осы санаттағы оқушылар әдетте кәдімгі мектепте ұсыныла бермейтін көптеген білім беру мүмкіндіктері мен қызметтерін қажет етеді деп санайды.
Дарындылық пен талант түсінігін бір аспектіліктен көп аспектілік тұрғыдан түсінуге көшу зияткерліккерліктің өзі не екенін түсінуде өзгеріс қажет екендігін меңзейді. Бұл енді біртұтас нәрсе ретінде емес, зияткерліккерліктің қырлары жағдайында қаралады. Зияткерлік қырлары идеяларын жақтаушылардың арасында оның сегіз түрін анықтаған Гарднерді (2006) атап өткен жөн:

  • логикалық-математикалық;

  • лингвистикалық;

  • кинестетикалық;

  • кеңістіктік;

  • музыкалық;

  • тұлғааралық;

  • тереңдетілген;

  • табиғи.

Аталған зияткерлік түрлерін зияткерлік саласы емес, ерекше қабілет саласы ретінде қарастыруға болады. Гарднер зияткерлікті қабілеттер, таланттар немесе ақыл қабілеттерінің жиынтығы ретінде анықтайды, бұл адамдарға проблемаларды немесе міндеттерді оның шешімі бір немесе бірнеше мәдени мәнмәтіндерге пайдалы болатындай етіп шешуге мүмкіндік береді. Дарындылар мен таланттылардың көп аспектілі анықтамасы оқушыларды жоғарыда аталған зияткерлік түрлерінің кез келгеніне сәйкес дарынды және талантты деп есептеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет