Дістемелік кешені



бет33/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
umkd - koa - inf-21-21

Блум таксономиясы
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады.
Блум таксономиясы немесе білім беру мақсаттарының таксономиясы білім беру әрекеті мақсаттарының жіктемесі және оқу мақсаттарын жобалаудың бастапқы нүктесі ретінде қызмет етеді.
Таксономия (грекше táxis – орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos – заң). Таксономия – бұл жіктеудің принциптерін, әдістерін және мақсаттарын зерттейтін ғылым.
Таксономия – белгілі бір құрылымдағы бірізділікті, реттілікті қамтамасыз ету мақсатында берілген нысандарды нақты бір ӛлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. 

Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық (когнитивті), эмоционалдық (аффективті) және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын.


Танымдық саладағы дағдылар белгілі бір тақырыпты білу, түсіну мен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Блум таксономиясы, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды.
Білу
Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өткен материалдардың есте сақталғанын растау:

  • арнайы сипаттамаларды білу (терминология, нақты фактілер мен т.б.).

  • жалпылайтын сипаттамаларды білу: конвенциялар, үрдістер мен сабақтастық, жіктелімдер мен санаттар, критерийлер, әдістемелер және т.б.

  • тиісті саладағы әмбебап нәрселер және абстрактілерді білу – қағидаттар мен жалпыла- улар, теориялар мен құрылымдар және т.б.

Сұрақ қою үлгісі: Алманы пайдаланудың денсаулық үшін қандай пайдасы бар?
Түсіну
Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету:

  • аударма жасау;

  • интерпретация - (латын тілінен interpolation – өзгерту, өзгерту) – қандай да бір шаманы осы шаманың белгілі жеке мәндерінен жуықтап немесе дәл табу;

  • экстраполяция - құбылыстың бір бөлігіне қатысты шешімдерді оның екінші бөлігіне немесе тұтастай бөлікке тарату;

Сұрақ қою үлгісі: Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.
Қолдану
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану.
Сұрақ қою үлгісі: Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды және неліктен?
Талдау
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау:

  • элементтерді талдау;

  • қарым-қатынасты талдау;

  • ұйымдастыру қағидаттарын талдау.

Сұрақ қою үлгісі: Алманы қосып тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет