Дістемелік кешені



бет36/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
umkd - koa - inf-21-21

Бағалаудың мәні
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сы ныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:

  • қадағалау;

  • алынған мәліметтердің интерпретациясы;

  • келесі іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.

Қадағалау
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар, олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру біршама ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болады. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқаша айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет.
Интерпретация
Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, мәселен, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттестікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге болады немесе мінез-құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға болады, мысалы, баланың айтқан нәрсесі оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.
Қорытынды
Мәліметтердің интерпретациясы негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі түрлі мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге байланысты әртүрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқуды бағалау
Оқу үшін бағалауға қарағанда, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар тестілеу оқу үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет