Дістемелік кешені



бет41/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
umkd - koa - inf-21-21

Дәлелдемелер жинау
Пән бойынша тест сипаттамалары белгіленген құрылым бойынша тест сұрақтарын әзірлеуден бастап, ұсынылатын жауаптарды (кілт және дистракторлар) құрастыруға дейін барлық талаптарға сәйкес жасалады. Тест сипаттамалары зерделенген тақырып немесе бөлім бойынша нақты деректерді көрсетеді және оқу мақсатын немесе дағдыларды бағалауға бағытталады.
Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу барысында құрылым мен өлшеуге арналған компоненттерді сақтау маңызды. Бағалауға арналған тапсырманың сәйкес болмау себептерінің бірі оның толық анықталмауы/құрастырылмауы болып табылады. Тапсырма құрылымының жеткіліксіз берілуінің мысалы ретінде әрқайсысы жеке немесе барлығы бірге қарастырылып бағалануы тиіс ортақ тақырыптардың болмауын айтуға болады.
Бағалауға арналған тапсырманың мазмұнына қойылатын талаптарды бағамдаудың құрылымдалған тәсілі бар ма? Әлеуметтік психологияда қолданылатын үлестіру теориясын тапсырманың мазмұнына қойылатын талаптарды бағамдау жұмыстарын дамыту үшін де қолдануға болады. Гилберт, Пелхам және Крулл (Gilbert, Pelham, and Krull, 1988) адам өзінің іс-әрекетінің себептеріне мұқият және дәлелді талдау жасаған кезде үш кезеңнен өтеді деп санайды: санаттарға жіктеу, сипаттамаларды анықтау және түзету.

Сурет. Бағалауға арналған тапсырмаларды анықтау


Гилберттің үлестіру теориясына сәйкес, бағалауға арналған тапсырма мазмұнын әзірлеу талаптарының бірінші кезеңісубъективті көзқарас пен тосын анықтамаларға (жоғары талап, орташа талап және төмен талап) негізделеді. Мұғалімбұл деңгейде жұмыс істей отырып, өзіне «Әзірленген тапсырманың деңгейі қандай?» деген сұрақ қояды.


Бағалауға арналған тапсырманың күрделілік деңгейі тапсырманы әзірлеушінің өзіндік тәжірибесіне байланысты. Санаттарға жіктеу дәлдігін үлгілік тапсырмаларды пайдалану арқылы арттыруға болады. Әрбір деңгейдегі тапсырма үлгісі әзірленген бағалау тапсырмасының деңгейін анықтауға негіз болады.
Екінші кезеңде тапсырманың сипаттамалары анықталады, яғни әзірленген бағалау тапсырмаларының компоненттері (мазмұны, кодтау, нұсқау, жауабы пен дистракторлар) мен тапсырманың белгіленген деңгейге сәйкестігі талданады. Бұл кезең мақсатты түрде, байыппен күш жұмылдыруды талап етеді.

Сипаттамалардың құрылымы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет