Дістемелік кешені


Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау



бет39/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
umkd - koa - inf-21-21

Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.
Оқу үшін бағалаудың маңызы
Кез келген мұғалім «Оқу үшін бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, ол орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ойды қабылдау үшін біздің түсінігімізді едәуір өзгерту қажет болад.
Оқу үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:

  • оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық бағалауды оқушылардың оқуына ықпал ету мақсатына бағындыру болып табылады.

  • бағалау ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады, ол ақпаратты мұғалімдер мен оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға арналған кері байланыс ретінде пайдаланады.

Блэк пен Уильям өз зерттеулерінде бағалаудың көмегімен оқуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс бес түйінді факторға байланысты екенін көрсетті:

  • оқушыларға тиімді кері байланыс ұсыну.

  • оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.

  • бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.

  • бағалаудың оқушылардың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына терең ықпал ететіндігін мойындау, себебі бұлардың екеуі де оқуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

  • оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет