Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Интервью –мұғалімнің бағалау жүргізілетін оқушыларға алдын ала реттілікпен дайындалған сұрақтар қою арқылы бағалау тәсілі.
Рубрика– бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейін сипаттау тәсілі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру процесінде бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1 балмен бағаланады.
Дескрипторлар әрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады және тапсырманы орындау кезіндегі әр қадамның сипатын болжайды. Бұл тапсырманың мазмұны жағынан сенімді және жарамды болуын, сондай-ақ басқа мұғалімдердің тарапынан да объективті, дұрыс бағалануын қамтамасыз етеді.