Дістемелік материалдар кешені


Жеке-дара жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс



бет126/155
Дата07.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#30163
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   155
Байланысты:
УМКД БОӘ каз

Жеке-дара жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс. Бұл белгілі бір белсенді оқушының инициативасымен жүзеге асады. Алдымен мұғалімнің арнайы тапсырмасы бойынша жапырақтар, бұтақтар, жемістер, тамырлар коллекциясын даярлау; үйде құстарды бақылау, жыл мезгілдеріне орай жапырақтардың түсінің өзгеруін бақылау; бүршік жару, судың қатуы; осыларға орай қосымша кітаптарды оқу тапсырмалары беріледі. сыныбы жоғарылаған сайын тапсырма оқушының қызығушылығынан туындайды. Тәжірибе жасау, табиғатқа өз бетінше бақылау жүргізу, бақылау күнделігімен жұмыс жасау, түрлі қосымша кітаптар оқып оқушылар алдында хабарлама жасау тағы сол сияқты болып келеді.

Топпен жүргізілетін кластан тыс жұмыстар түрлі тақырыпта, түрлі бағытта ұйымдастырылған үйірмелер. Мысалы; «жас натуралистер», «жасыл сақшылар», «көгілдір сақшылар», «жас экологтар» т.с.с. тақырыптағы үйірмелер болады.

Үйірме өз еркімен жазылған шектеулі санды 12 - 15 мүшелерден құралады. Үйірме сабақтары аптасына 1 рет немесе айына 2-3 рет өтіледі. Үйірме жұмысы нақты жоспарланған, әртүрлі эксперименттер, ІІрактикалық және теориялық тапсырмалар, ғылыми әдебиеттермен жұмыс, тұрған қаласының, ауылының, өңірінің тарихы бойынша өлкетану жұмыстары, сол өңірдің табиғатын, өсімдіктерін, жануарларын зерттеу бағыттары бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқушыларда бірте - бірте белгілі бір затқа немесе құбылысты тереңірек білгісі келетін қызығушылық, құмартушылық туындайды. Содан жекелей бағытқа ауыса бастайды. Мысалы; біреуі өсімдіктерді, біреуі жануарларды, енді бірін минералдарды зерттеу қызықтырады, кейбірі табиғи түрлі құбылыстардың сырын білгісі келеді, заттардың қасиеттерін зерттеуге бағытталады, ал баз біреуін бөлме өсімдіктері немесе табиғат бұрышындағы өсімдіктердің тіршіліктері қызықтырады. Осындай бағытта жүргізілген зерттеу, зерделеу, бақылау жұмыстарының қызықты нәтижелері класс алдында немесе үйірме отырыстарында баяндалып отырады. Бұл іс-әрекеттер пәнді терең меңгеруге мүмкіндік береді, баяндама, мәлімдемелері басқа оқушылардың да сөзсіз құштарлығын арттырады.

Үйірме мүшелерінің басшылығымен түрлі орындарға экскурсия жасалынады, көптеген материалдар жинақталады. Ол жинақталған материалдардан сабаққа қажетті көрнекіліктер даярлайды. Үйірме сағатында жасалынған тәжірибе - класс алдында сабақта да көрсетіліп таныстырылады.

Кей жағдайда үйірме мүшелерінің өнертапқыштық қабілеттері туындайды. Үйірме жұмыстарының нәтижелері көрме, кеш, семинар түрінде жарияланады. Үйірме мүшелерінің жетекшілігімен үлкен іс-шаралар ұйымдастырылады айталық; «Құстар күні», «Гүлдер мерекесі». «Алтын күз», «Көк аспан», «Орман күні» т.б. Үйірме мүшелері мектеп маңындағы оқу - тәжірибе үлескесіндегі, географиялық алаңдағы, тірі табиғат бұрышындағы жұмыстарды ұйымдастырады, ондағы заттарды, жұмыстарды қадағалап отырады.

Көпшілікпен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар; сыныпты безендіру, белгілі бір тақырыпта сурет салу конкурсы, тақырыптық кештер, түрлі қойылымдарға даярлану, табиғатқа, мұражайға, жануарлар бағына, көрмеге экскурсияға бару. Мұндай шаралар барысында балаға эстетикалық, табиғатты қорғау, ұжымдық сияқты тәрбие беріледі. Сабақта алған білімдері, жауапкершілік қасиеттері толығады, өз бетінше жұмыс істеуге машықтанады. Мектеп маңындағы көктемгі, күзгі жұмыстар, кештерге, тапқырлық ойындарға қатысу жатады.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлі мынандай әдістерімен жүргізіледі: әңгіме, әңгімелесу, түрлі қызықты қосымша кітаптармен жұмыс, лабораториялық - практикалық жарыс, бақылау, тәжірибе жүргізу т.с.с. әдістер жатады. Сыныптан тыс жұмыстар ұкыпты дайындықты қажет етеді.


Лаб6





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет