Дістемелік материалдар кешені


Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар



бет155/155
Дата07.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#30163
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155
Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:





Л5.1

Сұрақ №1

Мектептің жоғарғы сатысында биология пәндерінде тест тапсырмаларын қолдануда биологиялық білім беру қызметтерінің толыққанды орындалуының проблемасы.

Л6


Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :




Л6.1

Сұрақ №1

Мектептегі биология курсынан өткізілетін сабақтарды тірі табиғат бұрышындағы, оқу- тәжірибелік учаскедегі жұмыстармен байланыстыру жолдары

Л6.1.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.1.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.2

Сұрақ № 2

Биологиялық білім берудің жалпы білім беретін мектептегі мазмұнын іріктертеудің тізбекті принципі.

Л6.2.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.2.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.3

Сұрақ № 2

Жалпы білім беретін мектептерге биология курсы арналып жарық көрген авторлық оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттері.


Л6.3.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.3.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л7


Сабақты бақылау түрі:


Тест

Л7.10

10

1.Биология пәніне арналған сыныптан тыс мектептен тыс жұмыстардың жүйеленуі?

2.Сыныптан тыс мектептен тыс өтізілетін жұмыстардың түрлері қандай?

3.Оқушылардың үй жұмыстарының түрлері қандай?

4. Оқушылардың ақпарат жүйелерімен кітапханаларда орындайтын жұмыстары?



Л8


Ұсынылатын әдебиеттер:




Л8.1

Негізгі әдебиеттер:




Л8.1.1

1

Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.


Л8.1.2

2

Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 6-7- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы,2010. Қ.Ә.Жұмағұлова, К.Ж. Жүнісова, Р.С. Сәтімбеков, Ізбасарова Р.Ш.

Л8.1.3

3

Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 8-9- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы, 2010 Қ.Ә. Жұмағұлова, Р.Сәтімбеков, Р.Ш. Ізбасарова.

Л8.2

Қосымша әдебиеттер:




Л8.2.1

1

Биология. Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы, 2006. Қ.Ә. Жұмағұлова, Р.Сәтімбеков, К.Ә.Жаңабердиева

Л8.2.2

2

Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2010.

Л8.2.3

3

Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- Мн., 2004.

Л9


Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Л10

Тарау нөмірі

3

Л11

Тарау атауы

Сабақ- оқытудың негізгі формасы. Биологияны оқытудың материалдық- техникалық базасы, биологияны оқытудың технологиялық негіздері.



42- сабақ (Дәріс сабағы 30)


Л1


Тақырыбы №

42

Л1.1

(атауы)

Заманауи сабақ жоспары, сабақтың технологиялық картасын жасау. Биологиялық білім беру сапасын бағалау технологиялары



Л1.2

___ сабақ

42

Л1.3

№____ дәріс сабағы

30

Л1.4

Сабақ пререквизиттерінің номерлері




Л2


Жоспар:

(қаралатын сұрақтар тізімі)






Л2.1

1

Заманауи сабақ жоспары, сабақтың технологиялық картасын жасау


Л2.2

2

Биологиялық білім беру сапасын бағалау технологиялары


Л3

Дәріс өткізу түрі:

шолу дәрісі

Л4


Мазмұны :

(дәріс материалы)






Л4.1

(пункт материалы Л2.1)

Сабақтың тақырыбы: «Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу»
Сабақтың мақсаты: білімділік: жүрек қантамыр жүйесі ауруларымен таныстыру. Зиянды заттардың жүрек қантамыр жүйесіне әсері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың қан кету түрлері жүрек қантамырларын ажырата білу, олардың алдын алу, көмек көрсету икемділіктерін дамыту. Ақпараттық оқыту құрылдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту.
Тәрбиелік: Салауатты өмір-салтына жағымды көзқарас пен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, жгут, дәке, мақта, йод, бұрайтын таяқша, таңғыш
Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет, математика
Сабақтың типі :аралас сабақ.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Рефлексия.

САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ


№ п/п Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Әдіс тәсілдер
формасы уақыты (мин)
1. Ұйымдастыру бөлімі Оқушыларды ынталандыру, оқу процесіне бағыттау
Топтарға бөлу. Топ құрамын нақтылау Оқу процесіне бағытталу, мұғалімнің нұсқаулықтарын тыңдап, сабаққа кірісу Рефлексия «Менің көңіл күйім» психологиялық әсер. 2 мин
2. Кіріспе бөлім Оқушылардың тапсырмаларды орындауына жағдай туғызу. Тапсырмалар топтамасын ұсыну
«Танысу», «Терминдер», «Нақты сандар» кабинеттерінің тапсырмалары Тапсырмаларды орындау
Өз тобының жетістігі үшін ынталану «Сіз бізді білесіз бе?» танысу ойыны
7 мин
3. Негізгі бөлім Сабақтың теориялық мәнін ашу, Сабақтың мазмұнын баяндау Берілген мәліметтерді меңгеру, есте сақтау практикада қолдану тәсілдерін түсіну Баяндау, түсіндіру тірек сызбалар 6 мин
4. Практикалық бөлім Сабақтың практикалық бөлімі №10 зертханалық жұмысты ұйымдастыру
«Жедел жәрдем», «Бағдаршам» кабинеттері Меңгерген білімді практикада пысықтау, тапсырмаларды орындау. Дәптерге жазу. Зертханалық жұмыс, сәйкестендіру, биологиялық диктант, «Буриме» өлең жолдары, есеп шығару, жоба дайындау Сергіту сәті 25мин
5. Қорытынды бөлім Сабақты қорыту оқушылардың білімін бағалау
«Пайдалы кеңестер» кабинеті Зертханалық жұмысты қорытындылау, тілегін қағазқа жазып қадыру «Дәруменді бағалау» әдісі
«Жүректерден жүректерге» ой білдіру 5 мин

Сабақтың технологиялық картасы

Кез келген қоғамның дамуы оның ғылым саласы мен оқу жүйесіне тікелей ықпал ететіні белгілі. Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірде болып жатқан құндылықтарды қайта қарау мен күрделі тоғысу процестері мектептегі оқу жүйесіне де әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты іргелі ғылыми зерттеулердің неғұрлым өзекті де зор болашағы бар көкейтесті бағыты  Қазақстандағы өркениет дамуының қарқынына және бүкіл дүние жүзінде соңғы жылдары жүріп жатқан ірі өзгерістерге сәйкес дамуда. Ал жақын болашақтағы Қазақстан Республикасының дүниежүзілік процесте алатын орны ғылымды мол қажет ететін дамыған мемлекетке айландыру жөнінде алдына стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі.

Бүгінде біздің осындай қоғамға жетуіміздің жолын белгілеп берген елбасымыздың  «Қазақстан - 2050» стратегиясы күн өткен сайын айқын бедерленіп , өмір шындығына айналуда. Алайда  «Қазақстан - 2050» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде, білімі мен білігі жағынан  шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін , сонымен қатар , бойында ұлттық діні сақталған , отаншыл рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі баса айтылған.  Тек осындай ұрпақ қана еліміздің  мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, әлемдік даму көшіне ілеспек. Бүгінгі таңда өздеріңіз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. XXI ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр марғаулықты көтермейтін ғасыр. Елдігіміздің кепілі-білімді ұрпақ.

XX-ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың  «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес , ол- жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп айтқандай, өзім сабақ беретін биология пәнінен байқағаным, оқушылардың өз бетімен  жан-жақты ізденуін,  ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыруды , биологиядан білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Мен өз тәжірибемнен оқушылардың пән бойынша білім дәрежемінің төмен болуы , олардың қабілетінің жоқтығынан емес , жүйелі түрде өз беттерімен ізденуге , білімін жетілдіруге дағдыланбағаннан , жүйелі еңбектің жоқтығынан екенін байқадым. Сондықтан осы кемшіліктерді жою мақсатында алдыма мақсат қойдым.




Л4.1

(пункт материалы Л2.1)

2.Биологиялық білім беру сапасын бағалау технологиялары
«Оқушыны  ізденуге, салыстыруға, қорытынды жасай білуге, өзінше тың пікір айта білуге, сол арқылы өз беттерінше білім алу  дағдыларына баулу  » мәселесін өзекті проблема етіп алдым. Ең бастысы әрбір сабақтың ғылымилығына, нақтылығына және тәрбиелік  мақсаттарына көңіл аударамын. Педагогикалық әдебиеттердегі жаңалықтарды өз тәжірибеммен байытып,  оқытудың ең озық жолдарымен байланыстырып отырамын. Әрбір сабағымда оқушыларды білсем , үйренсем, көрсем, жаңалық ашсам деген ұмтылысқа тәрбиелеп отырамын. Осы бүгінгі ұрпаққа заман талабына сай әрбір сабақ жаңашылдыққа толы болуы, жаңа технологиялық білім элементтері және дәстүрлі емес сабақтардың маңыздылығын айтқым келеді.  Оқыту үрдісінде биология сабағында жаңа технологияларды   сабақтарда пайдалану оқушылардың қызығушылығын, өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін, жаңа ілімдерді игеру дағдысын қалыптастырады және  білім сапасын арттырады.

Биология сабағында  түрлендіріп сабақ өтудің мәні:

-         оқушылардың    ойлау қабілеті артып, шығармашылық белсенділігі артады.

-         оқушылардың биология сабағына қызығушылығы артады.

-         танымдық белсенділігі артады.

-         оқушының қабілеттілігі көрінеді.

Оқытудың дәстүрлі түрі тек шектеу түрде, мұғалім тек оқыту жағдайында ғана болады. Ал дәстүрлі емес сабақ түрінде мұғалім режиссерлық, консультанттық, ойлап табушы, оқушының іс-әрекетін ұйымдастырушылық қабілеттерін байқай алады.Әрине сапалы сабақты жүзеге асыру үшін материалдық – техникалық база  қажет. Сондықтан өзім сабақты заманауи техникалық жабдықталған арнаулы кабинетте өткезіп, төмендегі базаны қамтиды.

-         оқып үйретудің және сабақтарды бақылаудың заманауи құралы интерактивті тақтаны пайдалану

-         теледидар, видеоапаратуралар, компютерлер

-         оқып үйренудің тақырыптық бағыттары бойынша плакаттар жинақтамасы, оқу құралдары, әдістемелік материалдар

-         видефильмдер, слайдтар

-         білім, қабілет дағдыларын қалыптастыруға және бағалауға арналған тесттер

-           әрбір тақырып бойынша оқушылардың өздігінен істейтін сұрақ тапсырмалары мен бағалау критерилері

Дәстүрлі емес сабақтарды , яғни технологияларды таңдау, іс жүзінде қолдану олардың бала психологиясына және жалпы физикалық  жай-күйіне әсерін есепке алуды талап етеді. Егер қаншалықты тиімді болғанымен, бала түсінігіне қиын, қабылдауы күрделі технологияларды оң нәтиже бере қоюы екіталай. Сондықтан технологияларды таңдағанда  жалпы жағдай, кластың оны қабылдауға даярлық деңгейі ескерілуі тиіс. Тек сонда ғана олар білім беру процесінің сапасын шын мәнінде арттыратын қуатты күшке айналады.Қорыта келе  білім сапасы – мұғалім қызметінің сапасы. Ендеше әрбір сабақтағы жаңашылдық оқушының оқу танымдық  қызығушылығын арттыруға, заман талабына сай білім алуына жағдай жасап, білім сапасын арттырады.



Л5


Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:





Л5.1

Сұрақ №1

Мектептің жоғарғы сатысында биология пәндерінде тест тапсырмаларын қолдануда биологиялық білім беру қызметтерінің толыққанды орындалуының проблемасы.

Л6


Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :




Л6.1

Сұрақ №1

Мектептегі биология курсынан өткізілетін сабақтарды тірі табиғат бұрышындағы, оқу- тәжірибелік учаскедегі жұмыстармен байланыстыру жолдары

Л6.1.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.1.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.2

Сұрақ № 2

Биологиялық білім берудің жалпы білім беретін мектептегі мазмұнын іріктертеудің тізбекті принципі.

Л6.2.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.2.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.3

Сұрақ № 2

Жалпы білім беретін мектептерге биология курсы арналып жарық көрген авторлық оқу бағдарламалары мен оқу әдебиеттері.


Л6.3.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.3.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л7


Сабақты бақылау түрі:


Тест

Л7.10

10

1.Биология пәніне арналған сыныптан тыс мектептен тыс жұмыстардың жүйеленуі?

2.Сыныптан тыс мектептен тыс өтізілетін жұмыстардың түрлері қандай?

3.Оқушылардың үй жұмыстарының түрлері қандай?

4. Оқушылардың ақпарат жүйелерімен кітапханаларда орындайтын жұмыстары?



Л8


Ұсынылатын әдебиеттер:




Л8.1

Негізгі әдебиеттер:




Л8.1.1

1

Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.


Л8.1.2

2

Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 6-7- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы,2010. Қ.Ә.Жұмағұлова, К.Ж. Жүнісова, Р.С. Сәтімбеков, Ізбасарова Р.Ш.

Л8.1.3

3

Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 8-9- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы, 2010 Қ.Ә. Жұмағұлова, Р.Сәтімбеков, Р.Ш. Ізбасарова.

Л8.2

Қосымша әдебиеттер:




Л8.2.1

1

Биология. Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы, 2006. Қ.Ә. Жұмағұлова, Р.Сәтімбеков, К.Ә.Жаңабердиева

Л8.2.2

2

Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2010.

Л8.2.3

3

Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- Мн., 2004.

Л9


Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Л10

Тарау нөмірі

3

Л11

Тарау атауы

Сабақ- оқытудың негізгі формасы. Биологияны оқытудың материалдық- техникалық базасы, биологияны оқытудың технологиялық негіздері.


43 – сабақ (Зертханалық сабағы -15)


Лаб1



Тақырыбы:

Оқушылардың биология курсынан игеретін білім-біліктер, құзыреттіліктер жүйесін бағалау технологиялары

Лаб1.1

___ сабақ

43

Лаб1.2

___ зертханалық сабағы

15

Лаб2

Оқу-зертханалық жабдықтар тізімі:

Дербес компьютер, электрондық кесте бағдарламасы, Паскаль программалау тілі.

Лаб3

Мақсаты :

Студенттерге оқушылардың биология курсынан игеретін білім-біліктер, құзыреттіліктер жүйесін бағалау технологияларының түрлерін сараптап қолдану үрдістерін қалыптастыру.

Лаб4

Сабақ пререквизиттеріг, постреквизиттерін көрсету керек




Лаб5

Қысқаша теорилық мәлімет:

Оқушылардың білімін тексеру әдістері

  1. Сабақ беру үрдісіндегі пысықтау.

  2. Білім тексерудің тәрбиелік мәні.

  3. Білім тексеруге қойылатын талаптар.

  4. Білім тексеру тесттерінің түрлері.

Мұғалім жаңа метериалды сабақта оқыту кезінде өткенді жүйелі түрде пысықтауға көңіл бөледі. Бұл оған оқушылардың білімін тексеруіне, биологиядан негізгі түсініктер мен ұғымдардың қалыптасу барысын қадағалауына, олардың меңгерген білімдерін тиянақтап, құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан пысықтау білімді жақсы меңгертіп, қалыптастыруда өткен материалдарға сүйенеді. Пысықтау оқытылатын объектілер мен құбылыстарды жаңа байланыстарды қарастырып, оларды тереңірек ой елегінен өткізуге, одан әрі жүйеге келтіріп, жинақтап қорытындылауға көмектеседі.

Пысықтау өткен материал бойынша және бұрын оқытылған тақырыптар бойынша да жүргізіледі. Білім тексерудің мақсаттары: оқушылардың білімін тексеру, негізгі ұғымдар мен түсініктердің қалыптасу деңгейін тексеру, оқушыларды бағалау.

Пысықтау бірнеше түрге бөлінеді: алдын-ала, ағымдағы, жүйелі, қорытынды.

А) Алдын-ала тексеру- оқу жылының алғашқы күндері бұрынғы білімдері сұрақ-жауап арқылы тексеріледі. Алдын-ала тексерудің мақсаты: жаңа материалды игеруге қажетті білім деңгейін анықтау болып табылады. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың білімдегі олқылықтарын байқап, тексеріп дер кезінде анықтап, қосымша сабақ кеңес ұйымдастырылып алады.

Ә) Ағымдағы тексеру- тақырыпты өткен сайын әртүрлі әдістермен оқушылардың білімін тексеру. Күнделікті тексерудің мақсаты- мұғалім күнделікті жұмыс барысында пән бойынша әрбір оқушының білім және дағдысын жекелей тексереді.

Б) Жүйелі тексеру- өтілген тараудан кейін әртүрлі көрнекіліктерді пайдаланумен тығыз байланысты жаңа тапсырмалардан, жаттығулардан, сурақтардан құрастырып, сөзжұмбақ, венн диаграммасын, перфокарта қолдануға болады. Оқушыларға оқытылатын обьектілердің негізгі қасиетін ашып көрсетіп, есте сақтайтын негізгі қасиеттерге, материалдарға көңіл бөлінеді. Диафильмнен жеке кадрлар көрсетуге болады.

В) Қорытынды тексеру- тоқсан, жарты жыл, жыл соңында белгілі мерзім ішінде негізгі алған білімдерді тексеру(сынақ, тест, емтихан т.б.). Пысықтау кезінде өтілген материалдарды жинақтап, қорытындылаған кезде оқушылардың тікелей бақылауларын, жүргізілген тәжірибе қорытындыларын, нәтижелерін, осы тақырып бойынша оқыған кітаптарынан алған мәліметтерін кеңінен пайдаланған жөн.

Білім тексеруді дұрыс ұйымдастыру, мұғалімге бүкіл сыныптың оқушыларының түсініктері мен ұғымдарының қалай қалыптасатынын үнемі көріп, біліп, бағалап отыруына, ал оқушыларға оқу материалын меңгеру кезінде алға қарай жылжитынын көреді. Тексеру нәтижесінде оқушылар білімінің обьективті бағасы жинақталады, ал оның тәрбиелілік мәні зор. Биологиядан білімді, іскерлікті, дағдыларды тексеруді ұйымдастыруға қойылатын талаптар мына төмендегідей:

А) оқушылардың білімін жеке тексеру, мұғалім оқушылардың даму деңгейлерін ескереді;

Ә) мұғалімнің оқушылардың білімін тексеруге ұқыпты түрде дайындалуы, сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оның мақсатын, түрлерін, жеке формаларын, әдістерін анықтау;

Б) оқушылардың білімін тексеру үшін әртүрлі сұрақтар, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмаларды сапалы дайындау.

Білім тексеру кезінде оқушыларға ұсынылған сұрақтар, тапсырмалар ойды оятып, олардың танымдық қабілетін, ой- өрісін дамытып, мәселені талдап, қорытып, салыстыруға мәжбүр ететін болуы керек.

Білім тексеру кезінде түрлі көрнекіліктерді тиімді пайдаланған жөн. Мысалы: кестені коллекциямен, гербарийді суретпен байланыстыру. Тексеру кезінде әртүрлі тәсілдер қолданылады: ауызша және жазбаша. Ауызша тексеру- жаппай әңгімелесу мұғалім оқушыларға жаппай сұрақ қояды, сұрақ- жауап түрінде де жүргізіледі. Мұғалім бұл кезде бүкіл сыныппен жұмыс жасайды.

Оқушылардың білімін биологиялық диктант, перфокарта, венн диаграммасы, кеспе қағаздар, сызба- нұсқалар толтыру, карталар сызу түрінде жазбаша тексеруге болады. Табиғатқа саяхат кезіндегі көргендерін есеп түрінде жаздырады. Мұғалім тоқсандық немесе жылдық баға қойған кезде мектеп оқушысының биология сабақтарындағы күнделікті жұмысы, оны ауызша сұрау, теориялық білімдерінің жалпы деңгейі және оларды іс-тәжірибеде қолдана білу керек.






Лаб6


Зертханалық сабақты өткізу түрі:

Оқушылардың білімін тексеру үшін тест сұрақтарын түзу.

Таңдап алған тақырып бойынша оқушылардың білім- біліктерін бағалау технологиясының әдістемелік өңдеуін жасау.



Лаб7

Жұмысты орындау реті:


Оқушылардың білімін тексерудің түрлері?

Білімді бағалау технологиялары қандай?

Тест тапсырмаларын дайындаудың әдістемесі қандай?

Биологиялық диктант дегеніміз не?

Венн диаграммасымен білімді тексерудің әдісі қандай?


Лаб8

Зертханалық жұмыстарға жеке тапсырма:





Лаб9

Есеп беруді рәсімдеу талаптары:


Есеп төмендегілерді қамтуы қажет:

жұмыстың тақырыбын, есептің қойылымын және оның орындалу тізбегін;

бақылау сұрақтарына жауаптарды;

жұмыстың негізгі кезеңдері мен орындалу нәтижесін реферат түрінде көрсету.



Лаб10

Сабақты бақылау түрі:


Зертханалық жұмыс есебін қорғау

Жеке тапсырманы қорғау




Лаб11

Ұсынылатын әдебиет:




Лаб11.1

Негізгі әдебиеттер:




Лаб11.1.1

1

А. К. Колеченко. Энциклопедия педагогических технологий. Изд-во АРО, 2002 г.


Лаб11.1.2

2

Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы бөлім: дәріс курсы. Алматы,2010


Лаб11.1.3

3

Мырзабаев А.Н., Биологияны оқыту әдістемесі.- Қарағанды, 2006.


Лаб11.2

Қосымша әдебиеттер:




Лаб11.2.1

1

Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.


Лаб11.2.2

2

Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- Мн., 2004.


Лаб11.2.3

3

Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2010.

Лаб12

Қосымша (ТСО қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі құралдар, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Лаб13

Тарау нөмірі

3

Лаб14

Тарау атауы

Сабақ- оқытудың негізгі формасы. Биологияны оқытудың материалдық- техникалық базасы, биологияны оқытудың технологиялық негіздері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет