Л4.1
|
(пункт материалы Л2.1)
|
Оқушыларға оқу бағдарламасын толық игертіп, білімнің ғылыми негізін меңгертуде жақсы жабдықталған биология кабинетінің маңызы зор.
Сондықтан еңбекке жаңа араласқан жас мұғалімдер мектепке алғаш барғанда алдынан биология кабинетін жабдықтау жұмысын ұйымдастыруды өзінің алдына міндет етіп қояды. Биология кабинеті- барлық мектептерге қажетті, мемлекеттік бағдарлама бойынша білім беруде қолданылатын арнайы жабдықталған бөлме. Бұл бөлмені басқа пән кабинеттерінен өзгеше «зертхана» деп атайды.
Мектеп ғимаратын тұрғызғанда биологиялық зерхана мен зертханашы бөлмесі, онда биология кабинетіне көлемі үлкен, кең, жарық бөлме таңдап алынады. Оның ішінен зертханашы бөлмесін бөлуге мүмкіндік болмаса арнайы препарат үстелі қойылады. Бір жақты препараттар үстелінің ауқымы 2200х700х900 мм. Екі тумбаның тартпа жәшіктеріне құрал саймандар, әртүрлі жабдықтар мен материалдар салынады. Мұғалімнің жұмыс орны- демонстрациялық үстелге жақындау жерге орналастырылған жөн. Өйткені демонстрациялық тәжірибе соңынан лас болған ыдыстар мен пайдаланылған құрал- жабдықтарды, келесі тәжірибені көрсетерде препарат үстеліне ауыстырады, оны зертханашы жинап қояды. Биология кабинетінде оқушыларға арналған оқушылардың санына байланысты екі орындығымен бірге бірнеше үстелдер, мұғалімнің демонстрациялық үстелі, міндетті түрде ауа таратын шкаф, зертханалық құрал- жабдықтарды, әдістемелік құралдарды, кестелерді, шыны ыдыстарды сақтайтын бірнеше шкафтар болады.
Биология кабинетін жабдықтағанда мұғалім бағдарлама мен арнайы кітаптарды басшылыққа алады. Бағдарламада жеке тақырыптар бойынша қойылатын демонстрациялық, зертханалық және сарамандық тәжірибелердің тізбесі берілген, қосымшасында орта мектепке арналған экрандық құралдар мен мұғалімге арналған әдебиеттер тізімі де берілген. Осыған орай биология кабинетінің 4 бөлімі болуы мүмкін:
Биологиялық тәжірибелерді демонстрациялау;
Оқушылардың эксперимент жүргізуі;
Жалпы педагогикалық оқыту әдістемесі.
Білімді бақылау мен жетілдіру бөлімдері.
|