Президенттік олимпиада екі бағытта өтеді: математика-физика және химия-биология, 11-сынып бағдарламасы бойынша тиісті білім деңгейі бар жалпы орта білім беретін ұйымдардың оқушылары үшін.
Президенттік олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – өңірлік, облыстарда Астана және Алматы қалаларында, республикалық білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – РБҰ ) және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – «НЗМ» ДБҰ) – жыл сайын 1 қарашаға дейін;
2) екінші кезең – іріктеу кезеңі 2 турда өткізіледі:
1 тур – қашықтық – жыл сайын 15 қарашаға дейін;
2 тур – шығармашылық, қашықтық тур өткізілген күні эссе жазу;
3) үшінші кезең – республикалық, 3 турда:
1 тур – теориялық,
2 тур – эксперименттік;
3 тур – ағылшын тілінен тестілеу өткізу.
Лаб6
|
|