3.27 Таңдау курстары: мазмұны білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары. Таңдау курстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды.
3.28 Типтік оқу жоспары (ТОЖ): оқыту тілі мен бағытына сәйкес тиісті білім беру деңгейі оқу пәндерінің тізбесін және көлемін реттейтін нормативтік құжат.
3.29 Тұлғаны әлеуметтендіру: адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне енуін және осы қатынастарды өздігінен қайта жаңғыртуын жорамалдайтын әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісі. Әлеуметтендіру идеясын жүзеге асыру – тұтас педагогикалық үдерісте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай-ақ мектептің отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта болуын талап етеді.