Дістемелік материалдар кешені



бет97/155
Дата07.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#30163
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   155
Политехникалық ұстанымы- жалпы білім политехникалық және кәсіптік білімнің негізі және олармен тығыз байланысты. Политехникалық білім берудің мәні өндірістің барлық процестерінің негізгі принциптерімен таныстыру.

Қазіргі жағдайда оқушыларға политехникалық білім беру радио- электрониканың, кибернетиканың және телемеханиканың, атомдық энергетиканың, генетиканың т.б. ғылым мен техника салаларының соңғы жетістіктеріне байланысты. Политехникалық білім оқытудың әртүрлі мектеп сатысында еңбек сабақтарының үрдісінде және биология сабақтарында да қарастырылады. Мектепте сабақ барысында оқушылар кейбір мамандықтар жөнінде кәсіптік бағдарға тәрбиеленеді, ауылшаруашылық, өндірістік мамандарды, халық шаруашылығының салалары туралы түсінік алады. Мектепте политехникалық білім беруді іске асырудың басты жолдары:



        1. Жаратылыстану- математика пәндері және «өндіріс негіздері, мамандық таңдау», «есептеу техникасы және информатика негіздері» жаңа пәндері бойынша оқушыларды қазіргі заманға өндірістің негіздерімен таныстырып, оларға қажетті білім беру.

        2. Оқушыларды сабақ үрдісінде түрлі оқу құралдары, препараттар, электротехника, компьютер және ЭВМ сияқты жаңа құралдармен таныстырып, оларды жұмыс жасай білуге үйрету, дағдыландыру.

        3. Зертханаларда, оқу кабинеттерінде, шеберханаларда, оқушылардың өндірістік бригадаларында, мектепаралық оқу комбинаттарында, оқу- тәжірибе үлескілерінде жүргізілетін практикалық және эксперименттік жұмыстар арқылы оқушылар қазіргі заманғы ғылымның және өндірістің негіздері жөнінде түсінік алады, мамандық таңдауға даяр болады.

        4. Мектептен және сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылардың техникалық қабілетін дамыту.

Кәсіптік білімнің негізі- жалпы және политехникалық білім. Осы білімнің негізінде арнайы орта және жоғары оқу орнын бітіретін мамандардың жалпы ғылыми даярлығы кеңейеді, сауаттылығы артады, өз мамандығын терең меңгереді.

Оқу орнын бітіргеннен кейін әрбір маман білім жетілдіру курстарында, мамандық институттарында оқып, өз мамандығын жетілдіреді.

Сонымен әрбір мамандық иесі өз білімін үздіксіз толықтырады, оның өзбетімен білім алуына мүмкіншілік туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет