Дістемелік материалдар кешені


Теория мен тәжірибенің байланыстылығы ұстанымы-



бет93/155
Дата07.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#30163
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   155
Теория мен тәжірибенің байланыстылығы ұстанымы- оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды, тәжірибе ақиқаттың көрсеткіші, тәрбие өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты. Теория мен тәжірибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді, оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманындағы өндіріске тез икемделіп, бейімделеді.

Мұғалімнің орындайтын ережелері:

-Оқу- өмірдің қажеттілігі екенін оқушыларға түсіндіру;

-Үнемі теория мен тәжірибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми білімдердің маңызын ашып көрсету;

-Оқытуда алған теориялық білімдерін өмірде қолдана білуге оқушыларды үйрету.

-Оқушыларға проблемалық, ізденіс, зерттеу тапсырмаларын орындатып, теория мен тәжірибенің бірлігін дәлелдеу, өзіндік жұмысты орындауға және өз бетімен білім алуға машықтандыру;

-Зертханалық сабақтардың көмегімен оқушылар теориялық қағидаларды, заңдар мен ережелерді іс жүзінде тексеріп, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіншіліктерін жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет