Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Қант құмайының боротала сортына ауыр металдардың улы әсері зертханалық жағдайда алғаш рет зерттелді.
Ауыр металдардың улы әсерінің көріністері дәннің өнуі, өсімдіктің өсуі, құрғақ биомасса жинақтауы секілді биопараметрлік көрсеткіштермен көрсетілді.
Алғаш рет ауыр металдардың улы әсері өсімдіктің фотосинтездік пигменттердің түзілуімен тығыз қатынаста болатындығы болжанды. Ауыр металдардың өнуге, өсуге, ХА –ға, Хв –ға және каратиноидтарға улы әсерінің қатары жасалды.