І. Жалпы ережелер
1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсы (әрі қарай– Конкурс) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде өткізіледі.
2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
- ойлау қабілетін дамыту;
- ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;
- Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурстары 4 бағыттан, 17 секциядан тұрады:
: «Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі»
Секциялар:
Химия
Биология
Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
ІV бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секциялар:
Тарих
Өлкетану
Этномәдениеттану
Тілтану/Языкознание
Әдебиет/Литература 4. Ғылыми конкурс төрт кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең - мектепішілік
2) екінші кезең – қалалық (Астана және Алматы қалаларының мектептері мен республикалық мектептер жарыстары мәртебесі жағынан облыстық жарыстармен теңестіріледі) екі турда өтеді: іріктеу және финал – жұмыстарды қорғау .
3) үшінші кезең – республикалық іріктеу кезеңі екі турда өтеді:
бірінші тур – бейінді пән бойынша тестілеу;
екінші тур – жобаны алдын – ала сараптау;
4) төртінші (финал) кезең – республикалық.
5. Ғылыми жобалар конкурсының бірінші кезеңін өткізу мерзімі Астана қаласы Білім басқармасының бұйрығымен бекітіледі. Жарыстардың екінші – төртінші кезеңдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген мерзімде өткізіледі.