V. Жарыстарға ұсынылатын ғылыми жобалар мен
оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
І. Ғылыми конкурсытарға тапсырылатын ғылыми жобаларға қойылатын талаптар:
1) ғылымның осы саласындағы бұрын танылмаған жекелеген қырларын, фактілерді, құбылыстарды және жаңалықтарды ашатын материалдар болу керек;
2) практикалық құндылығы зор, мектеп эксперименттерін жетілдіруге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін аппараттар, модельдер мен құралдарконструкцияларын ұсынатын жұмыстар;
3) әлеуметтік – экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған компьютерлік модельдер және экономикалық – құқықтық негізі бар жобалар;
4) кәмелетке толмағандар үшін рұқсат етілмейтін аппаратура пайдаланған жағдайда, жануарларға қатігездік көрсетілетін, адам денсаулығы және жануарлар үшін зиян келтіретін заттарды (улы, радиоактивтік, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді заттар немесе микроағзалар, вирустар, ішімдік, никотин) пайдалануға байланысты эксперименттері бар жұмыстар жіберілмейді;
5) бұрын қаралған және қорғалған жобалар ғылыми жарыстарының келесі кезеңіне қатысуға жіберілмейді.