ІІ. Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1)жоба мәтіні компьютерде басылуы керек (14 шрифт) және мынандай құрылымнан тұрады:
- титул парағы (Қосымша 3);
- мазмұны;
- қазақ немесе орыс тілдерінде абстракт (жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады;
- кіріспе;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланған әдебиеттер тізімі.
2) титул парағында мыналар көрсетіледі:
- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
- автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
- жұмыстың атауы;
- жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
- жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
- қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;
3) абстракт (аннотация), (250 сөзден артық емес) жобаның қысқаша мазмұнын, мыналарды қоса алғанда, білдіреді:
- зерттеудің мақсатын;
- гипотезасын;
- кезеңдерін, зерттеудің рәсімін;
- эксперименттің әдістемесін;
- зерттеудің жаңалығын және дербестік дәрежесін;
- жұмыстың нәтижесін және қорытындысын;
- нәтижелерін, практикалық қолдану салаларын.
Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты (міндеті), алға қойылған міндеттерді шешу әдітері қысқаша көрсетіледі.
Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан) тұруы мүмкін және мына құрылымда:
таңдап алынған жұмыстың практикалық құндылығына көз жеткізу мақсатында (міндетін) таңдалған тақырып бойынша нәтижелерге аналитикалық сараптама жасау;
- алға қойылған міндеттерді шешудің әдістерін сипаттау;
- жұмыстың нәтижесін талқылау;
- безендірілген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.);
- пайдаланған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [2]. Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай жүйелі нөмірленуі қажет;
қорытынды (бір беттен артық емес) негізгі жұмыстың нәтижелері (1 – 5) және олардың негізінде жасалған қорытындылары мен (1 - 2) ұсыныстарды қамтиды;
- жұмыс соңында жалпы тізіммен пайдаланған әдебиеттер мынандай тәртіпте беріледі:
- автордың тегі және қысқартылған аты – жөні;
- мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін);
- журналдың, кітаптың аты;
- басып шығарылған орны және баспа (кітаптар үшін);
- басылған жылы, шығу нөмірі, беті.
- әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар, жетекшінің пікірі қоса берілуі керек;
- ғылыми конкурстардың екінші кезеңіне (баяндамаға) 135Х125 (см ) көлемдегі стендке орналастыратындай етіп демонстрациялық материалдарды өз қалаулары бойынша жасау ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |