3. А.Я. Гердтің ұсынған әдістемелік нұсқаулары
Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд айналысты (1841-1888). Гердтің еңбектері әдістеменың ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я.Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығын дамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді.
Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. А.Я.Герд оқушылардың байқаған фактілері негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды.
Герд А.Я. сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын «мазмұндау» әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады.
А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің «Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан есіру» атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті:
1. Бейорганикалық әлем (өлі табиғат);
2. Өсімдіктер дүниесі;
3. Жануарлар әлемі,
4. Адам;
5. Жер тарихы.
Осы құрылған жүйе әдістемелық тұрғыдан дұрыс деп қабылданып, совет мектептерінде оқу процесінде қолдана бастады.
А.Я. Герд бастауыш мектен үшін жаратылыстанудың жаңа курсы «Өлі табиғат» және оған «Мир божий» атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу-әдістемелік құрал «Пән сабақтары»-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабактар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістемелері берілді.
«Минералогия сабақтары», ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптық-жоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді.
Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жаратылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер және әскери гимназияларының оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді.
А.Я. Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтің есімі сияқты ұмытылды. 1914 жылы Б.Е.Райков «Мектептегі жаратылыстану» жинағында А.Я. Гердтің еңбектерінің маңызын ашып көрсетті, ал 1922 жылы В.Ф.Зуевтің аса маңызды әдістемелық еңбектерін жаңғыртты.
1860-шы жылдары жаратылыстану пәндерінің мазмұны және оны түсіндіру проблемалары тек әдістемелік жағынан ғана емес, ғылыми жолмен шешу мәселелері жолға қойылды.
К.Ф.Рулье (1814-1858) ғылымда ағза мен қоршаған ортаның күрделі қарым-қатынастары және түрдің өзгеруі мәселелерін насихаттады. Биология ғылымдарындағы жүйелеу мен морфологияның басымдылығына сын айтты. Органикалық тіршіліктің эволюциялық дамуын алға тартты.
19-шы ғасырдың соңында Дарвиннің эволюциялық ілімі негізінде, биология пәнінің мазмұнын айқындауда, оқыту әдістерінде материалистік бағыт пайда болды.
1904 жылы Л.Н. Никоновтың басшылығымен коммерциялық орман шаруашылығы училищесінде бірінші «Жас табиғатшылар қоғамы» ұйымдастырылса, 1910 жылы Павловскі қаласында В.Ф. Мольденгауэр бірінші педагогикалық экскурсиялық биостанция құрды. Бұл кезеңдегі әдістеменың ерекшелігі экскурсиялық, практикалық оқыту формаларына баса көңіл аударылды. Осылай оқытудың нәтижесінде оқушылар нұсқау бойынша өз бетінше жұмыс жасау икем-дағдыларын қалыптастырды.
Бұл оқыту формаларының негізінде Б.Е.Райков «Моторлы» (қозғалыстағы) методын анықтады.
Лабораториялық жұмыстарды жүргізу үшін үлестіріліп берілетін материалдар кеңінен тарады: тірі, кептірілген, консервіленген өсімдіктер, жануарлар және минералдар.
Достарыңызбен бөлісу: |